1. Тегі, аты, әкесінің аты: Мамлеева Салима Бекентайқызы
Мамлеева Салима Бекентаевна
2. Туған жылы, айы күні: 28.01.1965ж
3.Білімі: жоғары, Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті, биология және химия пәнінің мұғалімі, 1987 жыл.
4. Ұлты: қазақ.
5. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Алматы облысы Талдықорған қаласының «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
5. Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл.
6. Саладағы жұмыс өтілі: 32 жыл.
7. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 5 жыл
6.Біліктілігін арттыру курстары:
1) Сертификат. Certificate of Attendance 2013 at the University of Sussex, England (Англия, 2013ж.)
2) Сертификат. «Стажировка руководящего состава базовых организаций образования», БАҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» 2013ж.
3) Сертификат. Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, 2015 ж.
4) Куәлік.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсы 2017ж.
5) Куәлік.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде биология пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы 2018ж.
7. Марапаттары, атақтары, ғылыми атақтары мен дәрежелері:
2018ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20 жылдығына арналған мерейтойлық төс белгісі;
2018ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі;
2011 ж. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасымен;
2014ж Қазақ Ұлттық университетінде өткен халықаралық конференцияда Алғыс хатпен;
2015ж. РҒПО «Дарында» «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша жалпы есепте І орын алғаны үшін марапатталды.
Cалима Бекентайқызы білім беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарды, мәдениетті,өз ұжымын белсенді шығармашылыққа бейімдейтін міндетті атқара алатын, функционалды сауатты жеке тұлғаны дайындай білетін ұстаз. Өз тәжірибесін әріптестірімен бөлісе отырып, халықаралық, республикалық ғылыми- практикалық конфернециялардың қатысушысы.
С.Б Мамлеева білім беру жүйесін жаңғыртудағы оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеріп, сананы жаңғыртуда, үштілділікті дамытуда, педагогтардың, білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда өз үлесін қосып жүрген ұстаз.