Байсова Ляйля Жанатовна
Байсова Ляйля Жанатовна 1971жылы 7 желтоқсан күні Алматы облысы, Көксу ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Талапты ауылындағы орта мектепті "Алтын белгі" төсбелгімімен бәтәрген. 1988-1993ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы мамандығы бойынша бітірген соң, 1993 жылы Талдықорған экономика-технологиялық колледжінде оқытушы, колледж әдіскері, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін 2007 жылдың қазан айына дейін атқарды.
2004-2006 жылдары Талдықорған қаласындағы «Жетісу» институтында екәншә жоғары білім алып, Бухгалтерлік есеп және аудит факультетін Есеп және аудит біліктілігі бойынша бітіріп шықты. 2007-2008 жылдары Талдықорған қаласындағы №20 мектеп лицейінде педагог-ұйымдастырушы қызметін атқарды.
2008 -2014жылдар аралығында Талдықорған қаласының №25 орта мектебінің директоры, 2014-2022 жылдар аралығында Талдықорған қаласының №2 орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2018-2020 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Педагогика және психология факультетін бітіріп, Педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ротациялау тәртібімен мектеп директоры лауазымдық қызметіне тағайындалды.
Жалпы еңбек өтілі -29 жыл. Санаты:педагог- зерттеуші.
Білімін жетілдіру курстары өту туралы мәлімет:
2019ж. ҚР ҰКП АТАМЕКЕН «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсы. Сертификат №001127
2019ж. «НЗМ» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Мектептегі оқушылардың дарындылығын дамыту үшін оқу жоспарын саралау» курсы. Сертификат №001201
2021ж. Қазақ тілі және түркітану департаменті Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі «Ғылым және ғылыми басылым: Ізденіс платформасы» халықаралық ғылыми семинар сертификаты №8 Нұр-Сұлтан қаласы
2022ж. Алматы қаласы ПШО "Мектепті басқарудағы педагогикалық менеджмент" курсы.
Марапаттаулары мен атақтары (берілген уақыты):
2018ж. Қазақ тілін креативті оқыту орталығы. KAZGUU UNIVERSITY Астана қаласы. Алғыс хат. 2017ж.
2019ж. Мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңында І орын І Дәрежелі диплом
2020ж. Талдықорған қаласы әкімінің Алғыс хаты;
2020ж. VІ Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хаты
2020ж. Қалалық «Білім беру ұйымының үздік жоспары-2020» байқауында жүлделі ІІІ орын Құрмет грамотасы
2022ж. Алматы облысы білім басқармасы ұйымдастырған "Жетекші мектеп" байқауында жүлделі ІІ орын.
Жарияланған мақала, еңбектері туралы мәлімет:
2018ж. "Болашаққа бағыт" Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы №1: "Ж.Жабаев ""Июнь жарлығы" тақырыбында жаңа үлгідегі сабақ жоспары
2018ж. «Қазақ тілі мұғалімдерінің құзыреттілігін қалыптастыру».: Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы: 12 жылдық білім беру -Республикалық ғылыми- әдістемелік және ақпараттық-талдамалық журнал №4-2018. 26-30 беттер.
2019ж. «Этникалық тақырыптағы ғаламтор жарияланымның тілдік ықпалын талдау» Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ХАБАРШЫфилология сериясы №1 (173) Алматы, "Қазақ университеті" 2019ж. 110-116 беттер
2019ж. Eurasian Conference on Language & Social SciencesVI April 30-May 1,2019: Samarkand, Uzbekistan. Certifikate of Participation. http://www.eclss.org
2019ж. «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білімгерлердың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру»Оқу-әдістемелік құралы. – Талдықорған, 2019ж.
2020ж. «Формирование на уроках казахского языка предметных и метапредметных знаний и умений».:Международная Объединенная Академия Наук. Научные тенденции: Филология. Сборник научных трудов по материалам ХІХ международной научной конференции 26 февраля 2020г. Санкт-Петербург 2020. стр. 9-14.
2020ж. «Мұғалімнің метапәндік құзіреттілігін қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері».: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне ендіру - сапалы білім негізі» республикалық ғылыми әдістемелік конференция материалдары. Талдықорған,2020. 60-65 беттер.
2020ж. «Білім мазмұны жаңару жағдайында болашақ мұғалімдердің метапәндік құзіреттілігін қалыптастыру».:«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал №5/1 2020, 185-190 беттер.
2021ж. «Адал ұрпақ-мәңгілік елдің кепілі» №8(1641), Талдықорған газеті
2021ж. «Тіл үйренудің оңтайлы тәсілі қандай?ҚазҰУ-мен өткен онлайн-дебат» 20 ақпан «www.7-su.kz» желілік басылымы.