Өмір баян
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Мусекенова Айгуль Таласбайқызы
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Мойнақ ауылындағы МДШО бар № 23 орта мектеп» КММ, директоры, 2019 ж.
3. Жынысы: әйел
4. Туған жылы және туған жері: 1974 ж. 3 наурыз,Талдықорған облысы Крупское аулы
5. Ұлты: қазақ.
6. Білімі: Жоғары. Талдықорған педагогикалық университеті «Филология факультеты» 1996ж , орыс тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің мұғалімі
7. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Толебаева 198 үй,33 пәтер
8. Жалпы жұмыс өтілі: 24 жыл .
9. Саладағы жұмыс өтілі: 2 жыл
Мусекенова Айгуль Таласбаевна- өз мамандығын терең меңгерген, кәсіби ойлау кабілеті жоғары және шыгармашылықпен жүмыс істейтін тәжірибелі басшы. Өз алдына қойған мақсаты жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаны калыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде оқытудың жаңа түрлерін, түрлі әдіс-тәсілдерін ендіріп, жаңа инновациялық технологияларды пайдаланады.
Ол - еңбек жолында үлкен жетістіктерге жетіп, оқытудың жаңа технологиясы мен әдіс-тәсілдерін сабақтарында кеңінен қолданып, өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөлісетін ұстаздардың бірі. Тәжірибелі ұстаздың негізгі көздейтін мақсаты-оқушыларға сапалы білім беру, инновациялык әдістерді қолдана отырып, тақырыпты терең меңгерту, жас жеткіншектерге сапалы тәрбие беру.
Оқытудың заман талабына сай өзіндік көзқарасы бар, жаңа да тиімді тәсілдерді игеріп, қиындықты жеңіп, түйінді мәселені шешудің оңтайлы жағын қарастырады.
Мусекенова Айгуль Таласбаевна - тәжірибелі педагог, жас мұғалімдерге ақыл - кеңес беріп отыратын тәлімгер. Ол әріптестері мен оқушылар, ата-аналар арасында сыйлы, үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі педагог, әр кезде қол ұшын беруге даяр тұратын басшы.
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, кері тартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.Міне осы жолда Айгуль Таласбайқызы ерінбей еңбектеніп, жоғары жетістіктерге жетуде Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Ұстаздың алдына қойған негізгі мақсаты – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару.
1. 2015ж. Қала әкімінің Құрмет грамотасы
2. 2016 ж Қазақстан аймақаралық біліктілігін арттыру орталығында жоғары нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хат:
2016ж Қазақстан аймақаралық біліктілігін арттыру орталығында Тәуелсіз Қазақстаның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін өндірістен курс өтті.
2016ж «Білім аясындағы Менеджмент сапасы» біліктілік курсы.