Өмірбаян
Мен, Кожакова Анар Нурлановна 1981 жылдың 10 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданында дүниеге келдім.
1988 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, 1999 жылы Талғар қаласы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектепті аяқтадым.
1999 жылы 11 сыныпты аяқтаған соң, Алматы қаласындағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің ұлттық аспаптар бөліміне түсіп, 2002 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ ПМНО мамандығы бойынша оқуымды жалғастырып, 2006 жылы аталған оқу орнын бастауыш сынып мамандығы бойынша жоғарғы білімді маман болып аяқтап шықтым.
2006 жылдың 1 қыркүйегінен Талғар қаласы №9 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша жұмысқа қабылдандым.
2008-2009 оқу жылында Талғар қаласы №7 мектеп-лицейінде педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс атқардым.
2009-2011 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданы, Қайназар ауылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2011-2012 оқу жылында Еңбекшіқазақ ауданы, Екпінді ауылы, Екпінді орталау мектебінің директоры қызметін атқардым.
2012-2017 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданы, Аймен ауылы, Аймен орта мектебінің директоры қызметін атқардым.
2017 жылдың 8 маусымынан бастап, осы күнге дейін Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылы, Рахат орта мектебінің директоры қызметін атқарудамын.
Мектептің әр қызметкерінің, оқушысының, ата-аналарының мүддесін заң талаптары аясында қорғай аламын және жоғары бағалаймын.
Өзімнің кәсіби деңгейімді үнемі жетілдіру арқылы әрбір мұғалімнің кәсіби білімінің артуына көңіл бөліп отырамын. Оған дәлел деңгейлік курстардан өткен мұғалімдермен бірге өзім де «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өтіп, басқа мектептермен қоғамдастық құрып, коучингтер, шеберлік сабақтар өткізу арқылы мұғалімдерімнің жетістіктерін еселеп жүрмін.
2017 жылы облыстық директорлар форумына қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталдым.
2019 жылы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті инновациялық басқару» тақырыбындағы аймақтық семинарда іс-тәжірибеммен бөлісу мақсатында шеберлік сынып көрсетіп, сертификатпен марапатталдым.
2019-2020 оқу жылында Еңбекшіқазақ ауданының мектеп директорларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнында сабақты нәтижеге бағыттай отырып талдауды жүзеге асыру» тақырыбында «Табысты көшбасшы» жобасы аясында семинар өткізіп, тәжірибеммен бөлістім.