Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданы білім бөілімі» мемлекеттік мекемесінің
«Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Тункаева Лейля Ауелхановнаның
ӨМІРБАЯНЫ
Тункаева Лейля Ауелхановна 21 ақпан 1974 жылы Қазақстан Республикасы Алматы қаласында туған. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» маманы ретінде дипломмен аяқтады.
Еңбек жолы:
1995 жылдан бастап «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2008-2018 оқу жылдары аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2018-2019 оқу жылынан бастап аталған мектептің директоры.
Тункаева Лейля Ауелхановнаның педагогикалық еңбек өтіліндегі жетістіктері:
2013ж – Аудандық білім бөлімі басшысының «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын іске асырудағы еңбегі үшін Құрмет грамотасы;
2014ж – Алматы облысының білім басқармасының «Жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегі үшін Құрмет грамотасы;
2014ж – Аудандық білім бөлімі басшысының «Жеткіншек ұрпақты сапалы оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен жетістіктері үшін Мақтау қағазы;
2014ж – Аудандық білім бөлімі басшысының «Еңбекшіқазақ аудандық «Жастар-Отанға!» атты жас ұстаздардың форумына белсене қатысып, шығармашылық танытқаны үшін Алғыс хаты;
2017ж – Аудандық білім бөлімінің «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» бірлесе отырып «Табысты мектепке жетудің жолы – нәтижеге бағытталған білім беру» атты тақырыпта өткізілген облыстық семинар іс-шарасына қосқан үлесі үшін Алғыс хаты;
2018ж – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғам филиалының «Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері» атты ІІ республикалық ғылыми-әдістемелік педагогцентризмдегі баяндамысы үшін Құрмет грамотасы;
2018ж – BILGE халықаралық ақыл ойды дамыту орталығының «Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін, кәсіби шеберлігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін Құрмет грамотасы;
2019ж – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ бірлесе өткізген шарада «Білім беру мазмұнының жаңарту жағдайында вариативті бөлімді жоспарлау түрлері» тақырыбында авторлық бағдарлама қорғап, өз шығармашылық әлеуетін арттырғаны және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі зор еңбегі үшін Құрмет грамотасы;
2019ж – «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғам филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі, «Жаңартылған білім беру жағдайында вариативтік бөлімді жоспарлау түрлері» атты авторлық бағдарламасы.
Тункаева Лейля Ауелхановна мектепті жоғары деңгейге көтеріп, аудан бойынша алдыңғы қатарлы орындардың бірінде тұруға ықпалы мол білікті басшы, оқушыларға терең білім беріп отырған творчествосы жоғары білімді педагог. Пәндік білімі мен басшылық қызметінің даму жолында аудандық, облыстық, республикалық семинарларға қатысып, біліктілік дәрежесін көтеріп келеді. Ұжымда, оқушылар арасында, ата-аналар арасында педагогикалық шеберлігімен, коммуникабельділігімен, бірізділігімен, тәжірибесінің молдығымен, басқара алу қабілетінің жоғарылығымен, талаптарының нақтылығымен, адамгершілігімен ерекшеленетін іскер басшы.