Өмірбаян
Мен, Орманбаева Лаззат Қойшыбаевна, 1970 жылы 22 қаңтарда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келдім. 1977 жылы Бақанас ауылы №1 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1987 жылы В.Ленин атындағы /қазіргі Б.Бейсекбаев атындағы/ орта мектепті бітірдім.
1988 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1993 жылы Абай атындағы мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.
Өзімнің еңбек жолымды Б.Бейсекбаев атындағы орта мектепте аға тәрбиеші қызметінен бастадым. 1989 - 1990 жылдары Ж.Бәрібаев атындағы орта мектепте, 1990 – 2006 жылы Береке орта мектебінде мамандығым бойынша жұмысымды жалғастырдым. 2006 - 2010 жылдарда Алматы қаласы №156 орта мектепте мұғалім қызметін атқардым. Білім саласындағы нәтижелі еңбегім үшін 2010 жылы Алматы қаласы Алатау ауданының білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталдым.
2010 - 2017 жылы аралығында Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, №4 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Осы жылдар аралығында алғыс хат,құрмет грамоталарымен марапатталдым.
2011 жылы ҚР Кіші Ғылым Академиясының 20-шы Алматы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының алғыс хатымен марапатталдым.
2012, 2014 жылдары дарынды оқушыларға нәтижелі де сапалы жетістіктерге жетуіне жетекшілік еткені үшін Іле аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Республикалық «Ақ көгершін» балалар қорының алғыс хатымен, М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың алғыс хатымен, дипломымен марапатталдым.
2013 жылы Іле ауданының білім бөлімінің Құрмет грамотасы, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталдым.
2015 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Құрмет грамотасымен марапатталдым.
2015 – 2017 жылдар аралығында ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу кезеңіндегі Білім мен Ғылым министрлігі өкілі қызметін атқардым.
2017 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, №4 орта мектеп директоры болып тағайындалып,осы мектепте еңбек жолымды жалғастырудамын
Отбасылымын, жолдасым және үш ұлым бар.