Айдаркулов Жанайдар Болысбекулы, 1974 жылы 6 шілдеде Түркістан обылысы, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Бейнеткеш ауылында дүниге келген.
Әкесі Айдаркулов Болысбек , 1949 жылы 1 сәуірде туылған, орман шаруашылығында қызмет атқарып, қазіргі кезде зейнеткер. Анасы Айдаркулова Бақытгүл 1951 жылы 1 наурызда туылған, алтын алқамен мараптталған ардақты ана.
Айдаркулов Жанайдар Болысбекулы , 1980 жылы Бейнеткеш ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебінің 1-сынып табалдырығын аттап, сол мектепте 1989 жылға дейін 9 жылдық негізгі білім алып, 1989-1991 жылдар аралығында Төлеби ауданына қарасты Төлеби орта мектебінде 10-11 сыныпты оқып, үздік орта білім туралы аттестат алған.
1991-1996 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік университеті математика факультетінің, «есептеуіш техника» кафедрасында мамандандырылып, Математик Оқытушы мамандығы бойынша жоғарғы білім алған.
1996 жылдың 29 тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр кентіндегі Бірінші мамыр орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданған, 1996 жылдың 28 қарашасыда Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне өз еркіммен сұранып, Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде ішкі әскер қатарында бір жыл азаматтық борышын өтеген.
1999-2000 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «Мұрагер» институтының математика және информатика кафедрасына оқытушы қызметін атқарған.
2000-2007 жылдар аралығында туып өскен, Бейнеткеш ауылындағы Ы.Ылтынсарин атындағы орта мектебінеде оқу-тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.
2007-2014 жылдар аралығында Алматы облысы, Іле ауданы, Жапек батыр ауылындағы №4 орта мектепке мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жоніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2015-2019 жылдара аралығында Алматы обылы білім басқармасына қарасты Алматы облысы, Іле аудандық әдістемелік кабинетінде физика, математика пәндерінің әдіскері қызметін атқарған. 2019 жылдың 17 қаңтарымен -1 қазан аралығында Іле ауданы , Көктерек ауылындағы №21 орта мектеп директоры қызметін атқарған. 2019 жылдың 1 қазанынан бастап қазір Іле ауданы, Жапек батыр ауылындағы №36 орта мектеп директоры лауазымында.
Үйленген, бес баланың әкесі, жұбайым-Айдарқұлова Гүлсім Оралқызы №4 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады.
Мекен-жайым: Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылы, Алатау көшесі №13 а . тел.87057759540. Электрондық пошта адресім- Ganaidar74@mail.ru