Сайбырова Турсын Адилбековна 1979 жылы шілде айының төртінші жұлдызында Алматы облысы, Күрті ауданының Ақши селосында дүниеге келдім. Анам ұстаздық қызметте болғандықтан, мен үшінші ұрпақтағы ұстазбын.
Өз қызметімді 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты, математика-информатика кафедрасында стажер-зерттеуші ретінде бастадым. 2000-2007 жылдары аралығында «Даулет» білім беру орталығында математика және информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқардым. 2007-2009 жылдары ЖШС «Даулет-Серпін 603» ЖТБ инженері, заңгер қызметінде, 2009-2011 жылдары ЖШС Халықаралық Бизнес Академиясының колледжінде директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. 2011 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің Заң бакалавры дәрежесін, 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым.
2011-2013 жылдары аралығында Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы «Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқардым. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарасай ауданы Қаскелең қаласының «Абай атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіндемін.
Мектеп-гимназия директоры ретінде келесі жобаларды жүзеге асырдым: «Киіз үй» ботаникалық жобасы, 6855 асықтан жасалған «Жылқы», «Ғарыш планетариі» жобасы, «Өз қолымен бау-бақша мүсіні» жобасы, «Саябақ шахматы» жобасы, «Ақылды жарық» жобасы. Қазіргі таңда «Қаскелең қаласы бойынша жасыл алаңдардың (көшеттердің) интерактивті картасы» жобасы жасалуда.
Канадада өткен «Членство в ВТО: перспективы научных исследовании и международного рынка технологий» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өз тәжірибеммен бөлістім.
Қызмет жолында жеткен жетістіктерім:
1.Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғас хаты, 2018 жыл;
2.Республикалық Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, "Үздік ұстаз" байқау жеңімпазының Сертификаты, 2018 жыл;
3.Халықаралық "Үркер" IQ орталығы, Диплом, 2018 жыл;
4."Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы" ҚҚ, Сертификат, 2018 жыл;
5."Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы" ҚҚ, "Жаңа технологиялар мен педагогикалық тәжірибе" атты жобасының жеңімпазы Диплом, 2018 жыл;
6.Республикалық, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырған "Жас инноваторлар" көрмесінің Сертификаты, 2019 жыл;
7."Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Құрмет грамотасы, 2019 жыл;
8.Ұлттық "Serpin" білім және инновация палатасы, Құрмет грамотасы, 2019 жыл; 9.Республикалық, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алғыс хат, 2019 жыл;
10."Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ, Алғыс хат, 2019 жыл;
11.Халықаралық "Үркер" IQ орталығы, Алғас хат, 2019 жыл;
12.Ұлттық "Serpin" білім және инновация палатасы, Алғыс хат, 2019 жыл;
13.ҚР Тұңғыш Президенті қоры, Алғыс хат, 2019 ж.
14.«Алматы облысының білім басқармасы» ММ, «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауында I дәрежелі Диплом, 2020 жыл.
15.Қазақстан еңбек конференциясының Алғас хаты, 2021 жыл;
16.ҚР оқу орындары арасындағы «Үздік мектеп - 2021» онлайн байқауының «Үздік аудандық мектеп» номинациясынан Бас жүлде, 2021 жыл;
2019 жылы математика және информатика пәнінің мұғалімі ретінде «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алдым. Ұстаздық қызметтегі педагогикалық өтілім - 21 жыл.