Өмірбаян
Мен, Саусакбаев Дәурен Болатович 1984 жылы , 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келдім. Алғаш мектеп табалдырығын 1990 жылы аттап, мектепті 2001 жылы аяқтадым. Білімім жоғары, 2005 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Универсиетінің тарих және география мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолын алғаш рет 2006-2007 жылдары Қаскелең қаласындағы «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының» тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастадым.
2007-2008 жылдары Банк академиясының жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы болдым.
2008-2010 жылдары Қаскелең қаласындағы «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының» тарих және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым.
2012-2013 жылдары Қаскелең қаласындағы «Абай» атындағы мектеп-гимназияның оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары қызметін атқардым.
2013-2014 жылдары Қаскелең қаласындағы М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп директорының әдістемелік бөлімі бойынша орынбасары болдым.
2014-2018 жылдары Қарасай ауданындағы білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс жасадым.
2018 жылдан бастап «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалып, қазіргі таңда жұмыс жасап келемін.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс тілдерін жетік білемін. Ағылшын тілін сөздіктің көмегімен аударамын. Қазақтың дәстүрлі әндерін тыңдағанды жақсы көремін. Бос уақытымда қазақ және әлем әдебиетінің шығармаларын оқығанды жақсы көремін. Компьютерді жақсы білемін.
Биография
Я, Саусакбаев Даурен Болатович родился 9 мая 1984 года в Восточно-Казахстанской области. Впервые переступил порог школы в 1990 году, а закончил школу в 2001 году. Образование высшее, в 2005 году окончил Казахский национальный педагогический университет имени Абая по специальности История и география.
Трудовую деятельность начал в 2006-2007 годах учителем истории и географии средней школы-гимназии имени Абая г. Каскелен.
В 2007-2008 годах был преподавателем кафедры общего образования Банковской академии.
В 2008-2010 годы работал учителем истории и географии в средней школе-гимназии имени Абая г. Каскелен.
В 2012-2013 годы работал заместителем директора по учебной части школы-гимназии имени Абая г. Каскелен.
В 2013-2014 годах был заместителем директора по методической части средней школы имени М. В. Ломоносова г. Каскелен.
В 2014-2018 годах работал методистом отдела образования Карасайского района.
С 2018 года назначена директором коммунального государственного учреждения « Средняя школа имени Б. Косынова с дошкольным мини-центром» Отдел образования по Карасайскому району Управления образования Алматинской области", в настоящее время работаю.
Дополнительные сведения: свободно владею казахским, русским языками. Переведу английский с помощью словаря. Люблю слушать казахские традиционные песни. В свободное время люблю читать произведения казахской и мировой литературы. Хорошо знаю компьютер.