Бегазова Гүлназ Жандаровна 1977 жылы 30 тамызда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Білімім жоғары. Тұрбат ауылындағы Қазанның 30 жылдығы атындағы орта мектебін 1995 жылы бітірдім кейін, 1995 жылы Алматы қаласындағы «Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогтік институты» химия пәнінің мұғалімі мамандығына түсіп 1999 жылы бітірді.
Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын ауылындағы Құдайберген Жұбанов атындағы орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2001 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Жаңатірлік орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі болып ауысты. Бұл мекемеде 2008 жылға дейін биология-химия пәнінің мұғалімі қызметін жалғастырды. 2011-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Болашақ» балабақшасының әдіскері болып қызмет атқарды. 2016 жыл ГККГ №42 «Ясли» балабақшасының аудармашысы болып жұмысқа қабылдады.
2016-2018 оқу жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылы, «М.Мәметова атындағы орта мектебінің» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде жұмысқа қабылданды. Осы аталған мекемеде 2018-2019 оқу жылында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «М.Мәметова атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың міндетін атқарушысы лауазымына жұмысқа тағайындалып, осы жылдың 1-қазанда конкурс нәтижесі бойынша аталған білім мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Я,Бегазова Гульназ Жандаровна, родилась 30 августа 1977 года в селе Турбат Казыгуртского района Туркестанской области. Моя национальность казашка. Окончила среднюю школу имени 30-летия Октября в селе Турбат в 1995 году, затем в 1995 году поступила в Казахский государственный женский педагогический институт в городе Алматы по специальности химия и закончила его в 1999 году. Получила высшее образование. Трудовую деятельность начала в 2000 году учителем химии в средней школе имени Кудайбергена Жубанова села Журын Мугалжарского района Актюбинской области. В 2001 году я стала учителем химии и биологии в Жанатырликской средней школе Казыгуртского района Туркестанской области. До 2008 года я работала учителем биологии и химии в этом учреждении. С 2011 по 2015 год работала методистом в детском саду «Алтын Болашак» г.Алматы. В 2016 году меня приняли на работу переводчиком в ГККГ №42 детского сада «Ясли». В 2016-2018 учебном году принята на работу заместителем директора по воспитательной работе средней общеобразовательной школы имени М. Маметовой села Коксай Карасайского района Алматинской области. В 2018-2019 учебном году меня перевели в это учреждение заместителем директора по методологии.1 сентября 2019 года я была назначена исполняющим обязанности директора муниципального казенного учреждения «Средняя общеобразовательная школа имени М. Маметовой», а 1 октября текущего года по итогам конкурса назначен директором данного образовательного учреждения.