1. Баякеева Раушан Бердибековна
2. 19.08.1975жыл
3. Білімі: жоғары , І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына 1992ж түсіп, 1996 ж І. Жансүгіров атындағы университетінің «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді.
2001-2014 жж І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
4. Лауазымы бойынша біліктілікті арттыру туралы ақпарат:
1) 2015ж ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсын аяқтады.
2) 2015 ж «Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми -зерттеу» орталығының сертификаты
5.Жалпы педагогикалық өтілі: 22 жыл, лауазымдық еңбек өтілі 11 жыл
6. Санаты: жоғары , Педагог - Зерттеуші
Баякеева Раушан Бердібекқызының осы лауазымдағы жұмыс өтілі- 11жыл . Мектептің білім сапасына, оқу тәрбие жұмысының бағытына, мектепішілік бақылауға ерекше көңіл бөліп, негізгі мақсат міндеттерді нақты қоя біледі. Талай шәкірттері білім грантын жеңіп алып, еліміздің әр түкпірінде қызмет атқарып, мектепке алғысын білдіруде.Осы жылдар ішінде өзінің біліктілігі мен білімінің арқасында ұжымның арасында ұлағатты ұстаз, аудан, облыс көлемінде тәжірибелі басшы ретінде танылып келеді. «Nur Otan» партиясының Панфилов аудандық мәслихатының депутаты болып сайланып, бағдарлама жасалып, халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайту мақсатында барлық күш-жігерін салып, жан-жақты жұмыс жасап келеді. Дербес еліміздің 30 жылдығына арналған қоғам қайраткерлерінің ізгі тілегі, қамқорлығы менперзенттік, азаматтық сезімдері жарияланып, тарих болып қалуы үшін құрастырылған «Тәуелсіз ел тірегіміз!» атты республикалық басылымда мақаласы жарық көрді.
Раушан Бердібекқызының наградалары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, марапаттары:
2011ж «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі куәлік;
2015ж «Білім беру және ақпараттық инновациялық технологиялардың ғылыми зерттеу орталығының» мақтау қағазы;
2016ж «Ұлт Ұстазы» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылымның алғыс хаты;
2017ж «педагогикалық қызметті критериалды бағалау: жаңа стратегиялар мен мүмкіндіктер» алғыс хат, 2017ж «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Республикалық жобалар байқауының алғыс хаты;
2018 ж «Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасы: білім беру жүйесінде жүзеге асырудың проблемалары мен болашағы» Республикалық семинар-кеңес сертификатпен, 2018ж «Жаңартылған білім беру мазмұнында білім беру сапасын арттыру жолдары» атты Республикалық әдістемелік семинарда белсенділік танытқаны үшін алғыс хат, 2018ж «Балдәурен дарыны-2018» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауына белсене қатысқаны үшін марапатталды.
2019 жылы жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік ауыл мектебі-2019» байқауына қатысқаны үшін Алматы облысының білім басқармасының басшысы Д.Жүнісовтың Алғыс хаты, 2019ж жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегі үшін Құрмет грамотасы, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Құрмет грамотасы;
2020 жылы «Өрлеу» білім-ғылым технология порталының «Заманауи білім берудегі инновациялар» тақырыбындағы республикалық семинар жұмысына белсене қатысқаны және білім берудегі ерен еңбегі мен педагогикалық табыстары үшін Құрмет грамотасы;
2021ж Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Есполовтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Раушан Бердібекқызы білім беруді ізгілендіруді көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өз бетімен білім алатын және өз білімін бағалай алатын, өзін-өзі үнемі жетілдіру арқылы бағыт бағдарын айқындай алатын оқушы тұлғасын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаларға, шығармашылық байқауларға, ғылыми жарыстарға қатысуына да айтарлықтай ат салысады. «Білімді ел» республикалық газетінде «Байлыққа бағаланатын басылым» тақырыбында мақаласы жарық көрді.
Раушан Бердібекқызы мектепте білім сапасын көтеру үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы байланысты нығайтып келеді. Мектептегі оқу тәрбие жоспарындағы мектепішілік бақылауды дұрыс жоспарлап, білім сапасын арттыруға тиімді әдістерді қолданады. Әр жылы өзі дайындаған мектеп түлектерінің 80% оқу грантына ие болады. Мектепте жылда «Алтын белгі» аттестатқа ие болған оқушылары жоғары балға ие болып, әртүрлі салада қызмет етіп келеді.
Аудандағы мектеп басшыларымен, облыс көшбасшыларымен өз идеясын, өз тәжірибесін үнемі бөліседі. Ұжымда жауапкершілігі жоғары, өз ортасында сыйлы. Өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, жаңашылдыққа ұмтылатын, ата-аналар мен оқушы арасында жоғары беделге ие ұлағатты ұстаз, білікті басшы.