Өмірбаян
Агильская Такура Айдарбековна 1958 жылы 08 қазан күні Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 1975 жылы орта мектепті бітірді. 1977-1982ж аралығында Жезқазған Педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алды. 1982 жылы Жезқазған қаласының № 5 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастаған. 1986 жылы директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған. Осы қызметте 2003 жылдың шілде айына дейін қызмет атқарды. 2003 жылы Алматы облысы Талғар қаласына көшіп келіп, 2003 жылдың 15 тамыз күнінен бастап Т. Рысқұлов атындағы № 9 орта мектебіне мектеп директоры қызметіне тағайындалды.
2008 жылдың 21 шілде күнінен бастап Талғар қаласындағы Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған «№ 7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мектеп директоры болып қызметін атқаруда.
Такура Айдарбекқызы жас ұрпаққа сапалы білім беру,ұжым мүшелеріне бағыт – бағдар беру мақсатында «Озық педагогикалық тәжірибені қолдана отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, заманауи әдістемелер мен технологияларды ендіру арқылы нәтижелі білім сапасына қол жеткізу» мәселелік тақырып аясында жұмыс жасап келеді.
Көп жылдық еңбегі мен тәжірибесінің арқасында Такура Айдарбековна бала тұлғасының рухани және жеке мүмкіндіктерін ашу жолында оқытудың үздік әдіс тәсілдерін қолдана отырып, бала бойына білім мазмұнының міндетті деңгейін меңгерте отырып оқушы тұлғасын үйлесімді дамыту: өзіне, өз еліне, игілігіне деген жауапкершілікті, төзімділікті, әлеуметтік белсенділікті, компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікті қалыптастыру жолында мақсат қойып жеке тұлғаның саналы да сапалы білім алуына, әлеуметтенуіне, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтауына жағдай жасауда аянбай еңбек етіп келеді.
Такура Айдарбекқызының басшылығымен мектептің материалдық – техникалық базасын нығайтуда көптеген жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Мектептегі пән кабинеттері, акт залы, мектеп фойесі қазіргі заман талабына сай эстетикалық тұрғыдан безендіріліп, қажетті техникалық құралдармен, жаңа жиһаздармен жабдықталуда. Мектеп ұжымы осы қол жеткізген жетістіктері үшін 2008 жылдан бастап аудан мектептері арасында рейтинг бойынша жүлделі І орынды иеленіп келеді.
Осындай жақсы жетістіктерге қол жеткізуде Такура Айдарбекқызының іскер басшы ретінде атқаратын ролі өте зор.
Такура Айдарбековна білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін төмендегі төсбелгі, аудан, қала әкімдерінің алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған:
1999ж, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгі;
2006ж, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хаты»;
2007 ж, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі;
2009ж, Талғар қаласының Әкімінің Құрмет грамотасы;
2013 ж, Талғар ауданы Әкімінің Құрмет грамотасы;
2014ж, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Құрмет грамотасы;
2014ж, Алматы облысының Ардагерлер қоғамының Құрмет грамотасы;
2014 ж, «Дарын» Республикалық ғылыми –практикалық орталығының грамотасы.
2015ж, «ҚР- ң Конституциясына 20 жыл» төс белгісі;
2015ж, «Ерен еңбегі үшін» медалі,мемлекеттік наградасы;
2016ж, «ҚР-ң Тәуелсіздігінің 25 жыл» мерекелік медалі
Білікті маман, іскер басшы ретінде қызмет атқарған уақыт аралығында ұжымның оқу – тәрбие саласында жеткен жетістіктері өте мол.
Осы жылдар ішінде мектеп бітірушілердің білім сапасы ҰБТ-де 77,8 баллдан бүгінгі күні 93,7 баллға дейін көтерілді.
2008-2009 оқу жылы – 77,8 балл
2009-2010 оқу жылы - 84,8 балл 3 «Алтын белгі»
2010-2011 оқу жылы – 90,5 балл 1 «Алтын белгі»
2011-2012 оқу жылы – 82 балл 1 «Үздік аттестат»
2012-2013 оқу жылы - 87,5 балл, 1 «Алтын белгі» иегері, 1 «Үздік аттестат»
2013-2014 оқу жылы – 85,1 балл,
2014-2015 оқу жылы - 93,7 балл 4 «Алтын белгі» иегері, 3 «Үздік аттестат»
2015-2016 оқу жылы – 98,03 балл, 2 «Алтын белгі» иегері, 5 «Үздік аттестат»
Осы жылдар ішінде пәндер бойынша өре бәйгелерге, ғылыми жоба жарыстарына қатысып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген оқушылар да бар. Атап айтқанда, 2008-2009 оқу жылында облыстық «Дарын» ғылыми конференциясында физика пәні бойынша А.Түгелбаев ІІ орын, Д.Айдархан физика пәні бойынша ІІІ орын иеленді.
2009-2010 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында тарих пәні бойынша Ш.Қуандықов ІІІ орын, қазақ тілі пәні бойынша Е.Мырзағалиев І орын, физика пәні бойынша А.Түгелбаев, Д.Айдархан
ІІІ орын, дүние жүзі тарихы пәнінен 11 сынып оқушысы Р.Сайлыбай ІІ орын иеленді.
2010-2011 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында физика пәні бойынша Қалдықұл Әсел ІІІ орын, география пәні бойынша Е.Мұқанов ІІ орынды иеленді.
2011-2012 оқу жылында география пәнінен облыстық «Дарын» ғылыми жоба жарысында Н. Тәңірберген,қазақ әдебиеті пәні бойынша М.Құнанбаева жеңімпаз атанды, ал география пәнінен оқушылардың республикалық ғылыми жоба жарысында 11 сынып оқушысы Е. Мұқанов ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2012-2013 оқу жылында облыстық пән олимпиадасында география пәнінен 10 сынып оқушысы Таубалдиев Айбек ІІ орынды иеленді.
2013-2014 оқу жылында 11 сынып оқушысы Айдархан Дарын Халықаралық «Дарын» ғылыми жоба жарысында физика пәні бойынша ІІ орын жүлдегері атанды.
2014-2015 оқу жылында Халықаралық ғылыми жоба жарысында 11 сынып оқушысы Баратов Қанатбек биология пәні бойынша, облыстық пән олимпиадасында география пәні бойынша 10 сынып оқушысы Базилжан Еламан ІІІ орын иегері, КҒА жарысында физика пәнінен 10 сынып оқушысы Төлемісова Айым ІІ орын иеленді.
Такура Айдарбекқызы педагогикалық ұжымының, ата- аналардың, оқушылардың сый құрметіне ие болып жүрген, мақсаты мен бағыты айқын нәтижеге жету жолды дұрыс таңдай білетін, оқу – тәрбие барысын жаңа өмір талабымен байланыстыра отырып жүргізетін басшы.