Мұраталиев Ілияс Жұмақанұлы- 7 қаңтар 1965 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Тұзкөл ауылында қарапайым еңбеккерлер отбасында дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Тұзкөл орта мектебінде білім алған. Сарыбастау ауылында Ленин атындағы орта мектепті бітірген. 1982-1985 жылдары Жамбыл су-құрылыс инстутында оқып, 1985-1987 жылдары Совет Одағы армиясы қатарында Челябинск, Германия демократиялық республикалында (ГСВГ) қызмет етті. 1987 жылы Ұйғыр ауданы, Шарын ауылында қой бордақылау комплексінде комсомол жастар бригадасында жұмыс істеді. Ілияс Жұмақанұлы -1990 жылы Абай атындағы пелагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті. Жоғарғы оқу орнын да оқи жүріп,еңбектен қол үзбеді. 1991 жылдың қыркүйек айында М.Хамраев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызметке орналасты. 1992 жылы Шарын қазақ орта мектебіне ауысып, жаңадан ашылған қазақ мектебінің жұмысына белсене арыласты.Кәсіподақ ұйымының төрағасы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады. Сол жылдары кеңінен өріс алған Абай, Шәкәрім, Ілияс, Мұқағали оқуларының аудандық қазылар алқасының төрағасы болып, осы оқулардың дамуына өз үлеесін қосты.