«Tomiris KIDS» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі – Абдрахманова Гульмира Ауелбековна
Абдрахманова Гульмира Ауелбековна 1969 жылы 18 қараша Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген.
1976-1985 жж - Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектебін оқып аяқтаған.
1985-1989 жж - Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Саз колледжінің Қазақ ұлттық халық аспаптар факультетінің «домбыра оқытушысы мамандығы» бойынша бітірді.
2003 – 2006 жж – Алматы қаласындағы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді.
1989-1992 жж- Оңтүстік Қазақстан облысы, Темірлан ауылындағы саз мектебінде домбыра оқытушысы қызметін атқарды.
1992-1993 жж - Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында лаборант қызметін атқарды.
1994 - 1997 жж- Алматы қаласындағы № 30 шы лингвистикалық мектеп қарамағындағы «Музыкалық студияда» домбыра оқытушысы лауазымын атқарды.
1997 – 2003 жж Алматы қаласы, Ауезов ауданындағы № 57 ші балабақшасында музыка жетекшісі лауазымын атқарды.
2003 - 2013 жж – Алматы қаласы, Медеу ауданындағы «Коммуналдық Үміт балалар үйінің» музыка жетекшісі қызметін атқарды.
2013 – 2014 жж – Алматы қаласы, Ауезов ауданындағы «Мектепке дейінгі мекемелердің» инспекторы қызметін атқарды.
2014 – 2018 жж – Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы «Болашақ кемеңгер» бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі қызметін атқарды.
2018 – 2021 жж - Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы «Болашақ кемеңгер 2» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы «Tomiris KIDS» бөбекжай балабақшасының құрылтайшысы және меңгеруші, әдіскер қызметін атқаруда.