Аманкулова Ботагөз Асханқызы
Лауазымы, қызмет орны: «El Darasy» ЖШСнің құрылтайшысы
«АйЯ» бөбекжай-балабақшасы, «Ақ Бота» бөбекжай-балабақшасының басшысы.
20.06.1966 ж. Қызылорда облысы Шиелі ауданында Ақмая ауылында дүниеге келген. 1983 жылы осы ауылда №49 орта мектебін аяқтады. 1983-1988 жылдары Украина мемлекетінде Житомир Мемлекеттік Педагогикалық Институтында жоғары білім алып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына ие болды.
1988-1989 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Түркістан ауылында №240 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасады.
1989 жылдың қыркүйек айында тұрмыс құрып, Алматы облысына қоныс аударды. 1989-1982 жылдары Алматы қаласында №30 Колосок балабақшасында тәрбиеші лауазымында жұмыс атқарды.
1992-2003 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш аулындағы №29 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасады.
2003-2010 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш аулындағы №28 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі және директордың оқу ісінің орынбасары қызметін атқарды.
2008-2010 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу факультетінде білім алды.
2010-2018 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласындағы МКҚК №8 балабақшасында меңгеруші қызметін атқарды.
27.05.2018 жылы «El Darasy» жауапкершілігі шектеулі серіктесін құрып «Айя» жекеменшік балабақшасын Талғар ауданы Бесағаш ауылында ашты.
2020 жылы наурыз айында Талғар ауданы Бірлік ауылындағы қараусыз қалып, бірнеше кәсіпкерге сатылып, тозып кеткен, бұрынғы ауылдың мемлекеттік типтік балабақша ғимаратын сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, 2020 жылдың тамыз айында «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасы болып жұмыс жасай бастады.
Марапаттары:
1.«Мектепке дейінгі Балалық шақ» Республикалық орталығы «Алғыс хат» - 2018 ж.
2.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Алғыс хат» - 2019 ж.
3.Житомир мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстандағы түлектері қауымдастығы «Құрмет медалі» - 2019 ж.
4.Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігі «Құрмет грамотасы» - 2022 ж.
5.Алматы облысы Білім басқармасы «Алғыс хат» - 2025 ж.
6.Талғар ауданы әкімінің «Алғысы» - 2024ж.
2019 жылы «АйЯ» бөбекжай-балабақшасы Алматы облысының ең үздік жекеменшік балабақшалары қатарына кірді.Осы уақыт аралығында «АйЯ» «Ақбота» балабақшалары аудандық, облыстық сайыстарда жүлделі орындарды иеленген.
Аманкулова Б.А. кәзіргі таңда өзінің сүйікті мамандығымен жұмыс жасап, жетістіктерге жетіп отыр.