Достайқызы Құралай
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кіші Жаланаш ауылында 1974 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
Есік қаласындағы педагогикалық училищесі 1990-1994 ж.ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің филология факультеті 2001- 2005 ж.ж.
Мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі. Педагогикалық еңбек өтілі 31 жыл. Оқытушылық қызметтегі біліктілік санаты: педагог-зерттеуші 06.10. 2025 ж. №699-н бұйрығы. Әкімшілік лауазымда 12 жыл. Бірінші санатты басшы 06.10.2025ж №699-н бұйрығы.
Мектеп директоры болып тағайындалған бұйрығы: №28-ж/қ 03.06.2025 ж. 3 ай сынақпен, 03.09.2025 ж. №52-ж бұйрығымен мектеп директоры лауазымына тағайындалды.
Соңғы 5 жылдың жетістіктері:
1.2021 жыл «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» Алғыс хат.
2.2021 жыл «НЗМ»ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткені үшін Алғыс хат.
3.2022 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Алғыс хат.
4.2022 жыл «Алматы облысының білім басқармасы» әдістемелік кабинеттің дәрежелі дипломы, Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз бетіне жариялау арқылы 2022-2025 жылдар аралығында жұмыстарын көрсетіп, мүше болғаны үшін сертификаттар берілді.
5.2022 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты.
6.Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Білім және ғылым министрінің «Құрмет ГРАМОТАСЫ» 2021ж.;
7.. 2023 жыл Республикалық ұлттық интернет олимпиада жеңімпаздарының дайындаған үшін Алғыс хат.
8.«Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбындағы республикалық конференция 2024 ж.
9.«Үздік мектеп-2025» ҚР Оқу ағарту министрінің алғыс хаты 2025
10.Алғыс хат 2025 ж. Областной Департамент по контролю качества знаний.
Құралай Достайқызы - заманауи ақпараттық техниканы терең меңгерген, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын іскер, креативті маман. Рухани дамыған, кәсіби біліктілігі мен білімі толық қалыптасқан, шығармашылық шеберлігі шыңдалған тұлға. Жас ұрпақты жан-жақты қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келе жатқан, қоғамда өз орны бар, жаңашыл ұстаз, басшы. Оқушыларына терең және сапалы білім беруде, ұстаздарға әдістемелік көмек беретін, өзіндік әдістемелік шығармашылық шеберлігі қалыптасқан, жаңартылған білім беру мазмұнындағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді еркін меңгере алатын білікті маман