Виртуалды қабылдауы Қазақстан Республикасы Алматы облысының
меншіктің барлық нысанындағы білім беру
ұйымдары басшыларының бірыңғай блог-платформасы

Виртуалды қабылдауы

eye 
Негізгі бетБасшылар блогы

 

Алматы облысының

білім басқармасының

басшысы

Қош келдіңіздер!

 

    Біріңғай блог-тұғырнамасы көмегімен мектеп басшыларына тікелей байланысқа шығып, өз сұрақтарыңызды койып, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Мектеп директорлары немесе  орынбасарлары, тікелей сұрақтарыңызға жауап беруге тырысады. Кез-келген өтініш назардан тыс қалмайды. 

     Бұл блогтың біріңғай ақпараттық алаңға айналатыны және қызықты да  тиімді болатынына сенеміз.

Құрметпен,

Алматы облысы білім басқармасының басшысының м.а 

 

         Сулейменова Жаныл Магдановна

        

Құрметті блог қатысушылары!

 

 Сұрақ қоймастан бұрын төмендегі ережелерді сақтауды өтінеміз:

1. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.

2. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.

3. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе мектеп қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.

4. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөніңіз толығымен жазылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

Сүлейменова Жаңыл Мағданқызы 1962 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары педагогикалық және заңгерлік.

Мансап

Еңбек жолын 1980 жылы Андреевка орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі болып бастаған.

1986-1987 жылдары Күрті ауданы Бозой орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1987-1996 жылдары есік педагогикалық училищесінің дене шынықтыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1996-1997 жылдары – "Астық-93" АРП директорының коммерциялық қызмет жөніндегі орынбасары, 1997-1998 жылдары-ҚР Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі, 1998-1999 жылдары - "Тұранәлембанкі" ақ Текелі РКО аға маманы, 1999-2001 жылдары-Алматы қаласы "Мейірім" ЖШС директорының орынбасары.

2002 жылы әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің жетекші маманы, 2002-2003 жылдары Алматы қаласы ішкі саясат департаментінің талдау, мониторинг және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2005 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылындағы Еңбек орта мектебінің директоры, 2009 жылы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

2014 жылдан – Алматы облысы басқармасы басшысының орынбасары.