Абуова Айжан Елеуовна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Ш. Смағұлов атындағы алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатының директоры, математика пәнінің мұғалімі.
3. Жынысы: әйел.
4. Туған жылы және туған жері: 09.02.1969 ж., Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен селосы.
5. Ұлты: қазақ.
6. Білімі: жоғары, Абай атындағы ҚҰПУ университеті, физика-математика факультеті, 1995 жыл.
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ.
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2004 ж; Облыс әкімінің алғыс хаты, 2006ж.
9. Жалпы жұмыс өтілі: 28 жыл.
10. Саладағы жұмыс өтілі: 28 жыл.
11. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 26 жыл
Айжан Елеуқызы Ш.Смағұлов атындағы мектеп-интернатта математика пәнінен 1996 жылдан бері сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі мұғалім. 2006 -2012 жылдар аралығында интернат меңгерушісі, 2012-2019 жылдар аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, 2019 жылдан бастап мектеп интернат директоры қызметін атқарып келеді.
2014-15 оқу жылы Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарламасы бойынша жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруға арналған курсты аяқтап, сертификатталды.
Мұғалімнің іс-тәжірибесін таратуда Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында «5-11 сынып математикасына арналған күнтізбелік жоспар үлгілерінің» кітапшасы жарияланды.
Орта білім беру ұйымдарының базистік оқу жоспары негізіндегі математика және механика ғылыми зерттеу институтында 2010 жылы шығарылған «10 және 11 сынып геометрия пәніне арналған мультимедиялық оқытушы бағдарлама» электрондық оқулықтарының сарапшысы.
Алматы облысының білім басқармасының 10.04.2012 жылғы № 129 бұйрығына сәйкес Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» «Өркен» грантына оқушы қабылдау емтиханының апелляция комиссиясының құрамында математика пәні бойынша сарапшы.
2010 жылғы «ХХІ ғасыр мұғалімі» облыстық панорамалық сайыс сабағының және 2011 жылғы математика пәні мұғалімдерінің облыстық байқауының жеңімпазы.
2011 жылғы мамыр айында Астана қаласында өткен Математика мұғалімдерінің І Сьезінің делегаты.
2012 жылғы «Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы Республикалық педагогикалық тамыз конференциясының қатысушысы.
Кандидатура білім басқармасының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 5 хаттамасының негізінде талқыланып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады.
2016 жылғы «Үздік педагог-2016» республикалық конкурстың жеңімпазы.