Туған жылы,ай, күні: 27.06.1968ж
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: АГУ бейнелеу өнері және сызу 1998 ж
Санаты: Жоғары
Пед өтілі: 27 жыл
Осы білім беру ұйымында – 17 жыл
Осы лауазымда – 3 жыл
Наградасы: Облыстық, БжҒМ құрмет грамотасы, аудан әкімінің құрмет грамотасы
Мекен жайы: Алматы облысы
Райымбек ауданы
Ақсай ауылы
Солтанқұлов көшесі №
Телефон: 8 (72777) 2-74-68
Ұялы: 8 705 965 92 09
Пошта: baymbetov1968@mail.ru
Өмірбаян
Мен Баймбетов Жанболат Қазыкенұлы 27 маусым 1968 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы / қазіргі Райымбек/ Ұзынбұлақ селолық округына қарасты Ақсай ауылында дүниеге келдім. Ақсай сегіз жылдық орталау мектебінің 1сыныбына 1976 жылы қабылданып 1984 жылы аяқтадым. 1984 жылы Есік қаласындағы педагогикалық училищесінің сызу, еңбек факультетіне түсіп, 1988 жылы бітірдім. Алғашқы педагогикалық еңбек жолымды, жолдамамен Талдықорған қаласы, Сарыөзек ауданында, пионерлер үйінде, үйірме жетекшісі болып қызмет атқардым. 1988-1990 жылдар аралығында Ленинград қаласында / қазіргі Санк – Петербург/ әскери борышымды өтедім.
Педагогикалық еңбек жолымды, аудандық білім бөлімінің жолдамасымен Кеген ауданы, Тасашы орта мектебіне сызу, бейнелеу пәні мұғалімі болып жұмысқа кірдім. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсіп, 1998 жылы бітірдім. 1998-2000 жылдар аралығында, аталған мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. 2000 жылдың қазан айынан аудандық білім бөлімінің бұйрығымен «Ақсай орта мектеп» КММ директор болып тағайындалдым.
2005 жылдан - 2013 жылдар аралығында, оқу ісі жөніндегі орынбасар, пед.ұйымдастырушы,тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметтерін абыроймен атқардым.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, осы мектепте мектеп директоры қызметін атқарып келемін.
2014-2017 оқу жылдары ішінде жеткен жетістіктерім.
Мектеп ауласын абаттандыруда 2014-2016 жылдарында аудандық білім бөлімінің үш жыл қатарынан 1орын Құрмет грамотасымен марапатталдық.Алғыс хат «Табиғат – өмір бесігі, тәрбие бастауы » облыстық экологиялық форумынан 1 орынмен марапатталды. Облыстық өре бәйгеде информатика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Сатымбай Аружан қола медаль иегері. Облыстық КҒА конференциясында, Тұрдай Ш 10 сынып
2 – орын, Әкімбек Г 10 сынып 2- орынмен марапатталды. «Жыл мұғалімі -2016» облыстық байқауында химия пәнінің мұғалімі Б.Сейфолдаева, алғыс хатпен марапатталды. Аудандық волейболдан мектеп командасы ІІ орынды иеленді.
«Ауыл мектебі – 2014» байқауында ынталандыру грамотасымен марапатталды. «Жыл директоры -2015» байқауында «Үздік директор» номинациясы берілді. ҚР жалпы білім беретін ұйымдары басшыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламасы бойынша 2016 жылғы 13 қыркүйек 2017 жылдың 12 мамыр аралығында оқыған курс тыңдаушыларының эссе жинағына «Жаңарған білім» тақырыбында эссе жарияланды.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша басшылардың 9 айлық курсын аяқтадым.