Өмірбаян
Жетибаева Динара Сейткожаевна 1975 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. Білімі –жоғары.
1992 жылы Кеген ауданы Кеген ауылындағы №1 Кеген қазақ орта мектебін Алтын медальмен бітірген.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін бакалавр дәрежесі бойынша , 1998 жылы магистр дәрежесі бойынша бітірген.
1998 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы облысы Кеген ауданы «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет істейді.
2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары , 2016 жылдың 1 қыркүйегінен директорың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылдың қыркүйек айынан директордың әдістеме жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Өз мамандығын жақсы меңгерген, ұжым алдында беделді. Қызмет атқара жүріп, өз іс-тәжірибесімен әріптестерімен аудан, облыс көлемінде бөлісіп отырады.
2020 жылы облыс көлемінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Оқу-тәрбие үдерісін менеджмент ұстанымдары негізінде ұйымдастыру, басқару, бақылау жасау жолдары» тақырыбындағы аймақтық тәжірибе алмасу трибунасында «Мектептің шығармашылық жұмысы-іс-әрекетті жүзеге асыру жолдары» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Жетибаева Динара Сейткожаевна-жаңашыл, ізденімпаз, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, дұрыс ұйымдастыра алатын маман.
Облыс көлемінде атақарылып жатқан «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» тақырыбындағы Д.Қонаев мектеп-гимназиясымен магниттік мектеп бойынша жұмыстарға қатысып, аудан көлемінде Бөлексаз орта мектебі, Ұ.Бағаев, Ж.Ермегияев атындағы орта мектептерімен бірлесіп жұмыстар атқарды.
Желілік қоғамдастық жұмыстарын ұйымдастырып, аудандағы Ақсай, Ақтасты, Тасашы орта мектептерімен қоғамдастық құрып, шығармашылық топтардың бірлесе жұмыс атқаруына ықпал жасайды.
Мектептегі педагогтар мен білім алушылардың жетістіктерге жетеуіне ықпал жасап, үнемі қолдап отырады.
Мектеп мұғалімдерінің облыстық, республикалық басылымдарда өз іс-тәжірибелерін бөлісіп отыруға және әдістемелік құралдар мен авторлық бағдарламалар жасауға көмек береді.
2019 жылы «Шешендік сөз өнері» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы жарық көрді.
Пән мұғалімі ретінде де білім алушылардың түрлі олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына да қатыстырады.
2019 жылы 11-сынып білім алушысы Әкпаржанқызы Меруерт облыстық пәндік олимпиададан жүлделі 2-орын мен күміс медаль алып, республикалық пәндік олимпиададан «Алғыс хат» алды.
2019 жылы облыстық «Абай» оқуларында 9-сынып білім алушысы Бауыржанқызы Аружан «Алғыс хат» алды.
2020 жылы 9-сынып оқушылары Халық Зере, Сейтқожа Ақниет, Жомартқызы Анелялар қашықтықтан өткен »Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған пәндік олимпиадада ІІ,ІІІ орындарға ие болды.
2022 жылы 11-сынып оқушысы Нұрланқызы Дариға облыстық пәндік олимпиададан жүлделі 3-орын алды.
Педагог үнемі өз білімін көтеріп, түрлі курстарға да қатысып отырады.
Пән мұғалімі, әдістеме жөніндегі орынбасар ретінде бірнеше курстардан өткен. Курстар бойынша алған білімін мектеп педагогтарымен бөлісіп, тәжірибе алмасып отырады.
Курстары:
2017 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлекция» кәсіби бағдарламасы бойынша мектеп тренері
2019 жылы «Өрлеу» БАҰО «Менеджмент және корпоративтік басқару ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру , мектепішілік бақылау бағыттары»;
2019 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсы;
2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» кәсіби бағдарламасы бойынша мектеп тренері.
Осындай жетістіктеріне сәйкес облыс, республика көлемінде марапатталып отырды.
2016 жылы Алматы облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы».
2017 жылы Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының грамотасы.
2019 жылы республикалық «Өрлеу» БҒТ порталының «Құрмет грамотасы»
2020 жылы облыстық «Өрлеу» БАҰО «Құрмет грамотасы»
2022 жылы Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Алғыс хаты»
2022 жылы «Алматы облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасы»
Ұжыммен ынтымақтасып жұмыс жасайтын өте беделді әрі сыйлы маман. Ұйымдастыру қабілеті жоғары.
Мектеп өмірінен тыс қоғамдық жұмсытарға да белсене қатысады.
2002 жылдан бері учаскелік сайлау комиссиясының төраға орынбасары қызметін атқарады.