Өмірбаня
Кошаханова Шолпан Шамгуновна 20 маусым 1968 жылы Алматы облысы, Балхаш ауданы, Қарағаш ауылында дүниеге келген. Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.
Орта білім алғаннан кейін, 1986 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының педагогика және психология мамандығы бойынша, 2002-2004 жылдары Қазақ Экономика және Консалтинг Университетінің экономист біліктілігін алды.
1986 - 1993 жылдар арасында «Ромашка» бала-бақшасы тәрбиеші және Андреев орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
1993 - 1994 жылдары Есік педагогикалық училищесі, тәрбиеші.
1994 - 1996 жылдар облыстық жастар және жасөспірімдер туризм орталығында методист, осы мекемеде бөлім бастығы.
2000 - 2005 жылдар аралығында «Азия Прод Трейд» ЖШС директоры, «Фирма Айша ЛТД» ЖШС қаржы директоры, «INSH-LTD»ЖШС бас бухгалтері қызметтерін атқарды.
2005 - 2009 жылға дейін Евгенемаловодный селолық округ әкімі аппаратының бас маманы міндетін атқарушы және бас маманы болды,
2009 - 2010 жылдары Есік қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлім бастығы.
2010 - 2012 жыдары Евгенемаловодный селолық округ әкімінің орынбасары, осы жылдың сәуір айынан бастап Еңбек орта мектебінің директоры,
2016 жылдың тамыз айынан №1 Азат орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.
«Ана жүрегі» медалімен және Аудандық, облыстық, ҚР БҒМ құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапатталған.