Өмірбаян
Сагидуллаева Римма Смагуловна, 1997 жылы мектепті үздік бітіріп, Алматы қаласындағы «Дарын» әлеуметтік гуманитарлық университетін тамамдады. 2003 жылы осы аталған мекеменің «Педагогика және психология» кафедрасында Педагогика және психология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2007 жылы Алматы қаласындағы «Дарын» қазақ ұлттық гимназиясында «Педагог-психолог» маманы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Қаныш Сәтбаев мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызметтік жолын жалғастырды. Тәрбие саласында жұмыс істеген жылдары Республикалық, облыстық, аудандық көлемде мақалалары жарық көріп, мадақтамалармен марапатталды. Атап айтқанда 3 наурыз, 2018 жылы "Алаш ұстазы" Республикалық ғылыми-педагогикалық әлістемелік журнал.,"Ұстаз еңбегі" республикалық әдістемелік ғылыми педагогикалық журнал 10(11)2017. Білімге сапар" республикалық әдістемелік ғылыми педагогикалық журнал 10(11)2017 ж. "Болашақ нұры" республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал 10/11 2017 ж. т.с.с. көптеген мақалалары жарық көрді.
2019 жылы «Рақымжан Тоқатаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың міндетін атқарушы болып қызметін ауыстырды. Педагогикалық стажы 17 жыл. Басшылық міндетті атқара отырып, мектептің білім сапасын арттыру мақсатында ұжыммен бірлесе жұмыла жұмыс жасап, «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» атты республикалық журналда өз тәжірибесімен бөлісті.
Римма Смағұлқызы ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген ұстанымды ұстана отырып, «дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық» дейді.
Сагидуллаева Римма Смағұлқызы шеберлігін шыңдап келе жатқан, нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құра білетін, өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді жүзеге асырып отыратын, алынған көрсеткіштерге талдау жасап, кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіне отырып, жауапкершілікпен шеше білетін басшы.