Еңбекшіқазақ ауданы Әкімдігінің
Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
«Қорам орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Мектеп директоры
Қанат Сағатұлы Жошыбаевтың
Өмірбаяны
Қанат Сағатұлы Жошыбаев Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылында 1967 жылы 1-қаңтарда өмірге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
Орта мектепті бітіргеннен кейін, ішкі әскер қатарында екі жыл азаматтық борышын өтеді. 1993 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алып, өз мамандығы бойынша бастау алған еңбек жолын, Қорам орта мектебінде жалғастырды. 2003-2007 оқу жылы аралығында директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары және технология пәнінің мұғалімі ретінде қызметте болды. Толыққанды зиялы азамат болып қалыптасу білімге деген ізденістің арқасында жүзеге асатыны анық. Осындай жаңалыққа құлшыныс, үздіксіз ізденіс арқасында 2008 жылы Алматы қаласындағы «Үздіксіз білім беру» университетінің тарих пәнінің мұғалімі білім бакалаврын үздік аяқтады.
2007-2012 оқу жылы аралығында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқара келе, өз ісін жетік білетін, тәжірбиелі маман атанып, 2012 жылдың 2-қазанынан бастап мектеп директоры лауазымына тағайындалды.
Жауапкершілігі мол, ұжым алдында сыйлы, педагогикалық шығармашыл, өз ісіне сенімді, күш-жігеріне, ақылына, саласына сүйенген кәсібилігінің нәтижесінде қазіргі таңда дейін Қорам орта мектебін басқарып келеді.
Тұрмыс құрған, төрт баланың әкесі, жұбайы – Мустафаева Жанет Жанабаевна, бастауыш сынып мұғалімі.
Қанатты түлектерін қияға қанат қақтырған мектебіміздің Қанаты...
Көп ізденіспен педагогика саласындағы жаңалықтарды меңгеріп, терең зерттеу өзіндік басқару стилін қалыптастырып, ұжымды биік шыңдарға жетелеп, нағыз майталман мамандарды тәрбиелеп, биік белестерден көрінуіне септігін тигізіп жүрген Қанат Сағатұлының еңбек жолындағы жетістіктері:
• Білім мен тәрбие берудегі педагогикалық шығармашылық жетістіктері мен жемісті еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің мадақтамасы, 2016ж.
• Ұйғыр мәдени орталығының мақтау қағазы, 2017ж.
• Аудандық білім бөлімінен алғыс хат, 2017ж.
• Жоғары нәтижелі көрсеткіш пен белсенділік танытқан түлектер үшін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Қайнар және Аграрлық Университетінің алғыс хаттары;
• Қорам ауылдық округі әкімінің алғыс хаты, 2018ж.
• Республикалық «Өрлеу» порталының дипломы, 2018ж.;
• Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған «БОТА» Қоғамдық қорының алғыс хаты, 2018ж.
• Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұйғыр мәдени бірлестігінің алғыс хаты, 2019ж.
• «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінен ризашылық хат, 2019ж.
• Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің алғыс хаты, 2019ж.
• «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» мерекелік медалінің иегері, 2018ж.
• «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» медалінің иегері, 2019ж.
Ғылыми-әдістемелік деңгейдегі жетістіктерімен қатар мектептің материалдық базасын нығайтуға, ауласын көгалдандыруға үлкен мән береді. Балаларды жан-жақты дамытуға толық жағдай жасалған. Барлық деңгейдегі оқытудың мультимедиялық жүйесін енгізу мақсатында жұмыстар жүргізуде. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұжым мүшелерінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін табыс формуласы тұрғысында жетістіктерге жеткен, жетуге жұмыстанатын заманауи басшы үрдісінде сай болуды басты міндетім деп білетін басшыға тек сәттілік тілеріміз анық. Мұғалімдер мектептің уықтары болса, директор-шаңырағы болған бірлігі білімімен бір бағытта ұштасқан ауылымыздағы киелі білім ордасының келешегінің кемел боларына сенеміз!