ТУҒАН КҮНІ: 09.05.1970 жыл
ТУҒАН ЖЕРІ: Алматы облысы, Қаратал ауданы, Калпе бекеті
БІЛІМІ: жоғары, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, «Тарих» пәні мамандығы
МАРАПАТТАРЫ: Жамбыл аудандық білім бөлі- мінің, «Nur Otan» партиясының «Алғыс хаттарымен» марапатталған
ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ: отбасылы, 3 ұлы бар
ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ: Білімділік, шынайы еңбек, талапшылдық
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
Балдырған Төлеуліқызы Қазақ Мемлекеттік Кыздар педагогикалық институтын тарих пәні мамандығы бойынша тәмамадаған соң, ұстаздық еңбек жолын Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Рославль ауылындағы интернатта тәрбиеші болып бастады. 1999 жылдан бастап Жамбыл ауданы Шилібастау орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып орналасты. Тәрбие ісіне деген талабы, ұйым- дастырушылық қабілетімен көзге түскен ұстаз 2003 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Балдырған Төлеуліқызы тарих пәнінен сапа- лы білім беріп қана қоймай, оқушыларының шы- ғармашылықпен айналысуларына, тарих саласынан ғылыми жұмыспен айналысуларына жетекшілік жасап, бағыт-бағдар бере білді. Оның шәкірттері осы пәннен аудандық, облыстық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленді. Дарынды балалардың білім-білігін ұштауда да Балдырған Төлеуліқызы елеулі жетістіктерге жетті. Оқушылармен бірге
«Жартас» ЖШС-нің директоры Марат Мырзағалиевтің өнегелі өмірі мен еңбек жолын зерттеп, «Аға есімі ардақты» атты ғылыми жұмыс жазды. Бұл еңбек кітап болып, басылып шықты.