Мен, Ермекбаева Жанна Омирбековна 1969 жылы 30 қантарда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келдім. 1976 жылдан 1986 жыл аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл орта мектепте оқып, орта білім алдым. 1987 жылдан 1992 жылға дейін Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқыдым. Отбасымда 2 қызым бір ұлым бар. Еңбек өтілім - 29 жыл.
Еңбек жолымды:
1993 жылдан бері Жамбыл атындағы орта мектепте орыс тілі пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым.
1996 жылы директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары болып қызмет атқардым, 2010 жылдан бері Жамбыл атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып келемін.
Басшылық қызметімде осы білім ордасында мектептің даму жоспарына сәйкес оқу - тәрбие процесін дамытуда «Ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарта отырып, кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін арттыру» негізгі өзекті мәселесі бойынша жұмыс жасап келеді.
Марапаттарым:
1. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі, 2018 ж
2. Алматы облыстық «Нұр Отан» Халықаралық Демократиялық партиясы грамотасы, 2017 ж
3. Жамбыл ауданы әкімінің грамотасы, 2020 ж
4. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Алғыс хаты,
5. Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің» Алғыс хаты
6. Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы грамотасы
7. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алғыс хат, 2019ж
8. «А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім инновация» лицей интернаты Алғыс хат, 2021
Озық іс тәжірибе тарату:
-«Білім сапасын арттырудағы іс-әрекетті зерттеудің маңыздылығы» облыстық тамыз кеңесінде шебер сынып, 2018ж
-«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында бірлесекн жұмысты жандандыру, облыстық тамыз кеңесі ,2021ж
-«Лингвистика» тақырыбында авторлық бағдарлама, 2020
- Жетекші мектеп директоры ретінде облыстық, аудандық семинарларда іс тәжірибе тарату.
Ұстаздарымыз өз құзіреттіліктерін дамыту мақсатында жемісті жетістіктерге жетуде. Мектеп бойынша аудан көлемінде – , облыс көлемінде – 23, республика көлемінде – 8 мұғалім өздерінің педагогикалық кәсіби шеберліктерін шыңдап, түрлі кәсіби байқауларға қатысуда. Ұстаздар қауымы өз білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарынан өтіп, тәжірибелі қарым-қатынас орнатып, білім жүйесінде өзара тәжірибе алмасуда.
Педагогикалық кәсіби байқауларда шыңдалып, елеулі шығармашылық кәсіби деңгейлерінің жоғары дәрежеде екендіктерін көрсеткен ұстаздарымыздың бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.А.Сабырханова облыстық “Ең үздік авторлық бағдарлама-2021” байқауында ІІ орын, мектеп психологы Байбекова А. аудандық «Үздік психолог» байқауында І жүлделі орын, дене шынықтыру пәні мұғалімі Мырқасымов С «Үздік жаттықтырушы», АӘТД мұғалімі Болаткулов Ш.Б облыстық «Алау» әскери патриоттық байқауы» ІІІ орын, информатика пәні мұғалімі Курмангалиев А облыстық «Робототехника маманы» байқауы І орын иеленді.
Дарынды оқушылар арасындағы ғылыми зерттеу жобасы, пәндік олимпиада мен интеллектуалды сайыстарға қатысып, аудандық – 52, облыстық – 8, республика бойынша 1 оқушы өз нәтижелерін көрсетіп, білімдерін шыңдауда. 18 мектеп түлектері «Алтын белгі» иегері атанса, үздік оқушыларымыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. 2 оқушы «Кандидат мастер спорта» атағына ие болды.
Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жеткізуге дем беру, бала тәрбиесіне үлкен мән беру, жаңа жобаларды іске асыру менің басты мақсатым.