Бухатова Гульфайруз Советовна 1972 жылы шілде айының 1 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Қаратоғай орта мектебін 1990 жылы аяқтады.
1996 жылы ӘЛ ФАРАБИ атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, 2000 жылы аталған университетті «биология факультеті, биология пән мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002 жылы ӘЛ ФАРАБИ атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология ғылымының магистрі атанды.
Еңбек жолы, 2000 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Казыбек бек ауылындағы, Ұзынағаш орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2003-2005 жж. осы аталған мектептің педагог-психологы қызметін атқарды.
2005- 2007жж. Ұзынағаш орта мектебінің мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметінде жұмыс атқарды.
2007-2008 жж. Жамбыл ауданындағы Жайсан орта мектебінің директоры,
2008-2009 жж. Шолаққарғалы орталау мектебінің директоры,
2009-2014жж Ақсеңгір орта мектебінің директоры лауазымында жұмыс атқарды. 2014-2022 жж. Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебінің директоры қызметінде жұмыс атқарды.
2022-2023 жж. Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебінің директоры қызметінде жұмыс атқарды.
2023 жылдың 21 тамызынан бастап Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейінің директоры болып тағайындалды.
2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ ПШО-ның ұйымдастарған байқауына қатысып, курстан кейінгі мектепке енгізген өзгерістерді тұрақтандыруды қолдау және болашақты болжауға мүмкіндік беретін жүйе екендігін өз ұжымында қалыптастырған ұстаным мен құндылықтар арқылы көрсете білгені үшін «Үздік Тәлімгер» номинациясын иеленіп, Дипломмен мараппатталды.
2016 жылы «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ өткізген «Жаратылыстану ғылымдары бойынша логикалық тапсырмалар» тақырыбындағы облыстық байқауға белсене қатысып, тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен мараппатталды.
2017 жылы Алматы облысының директорлар Форумында «Ауыл мектептеріндегі білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы және келешегі» секция жұмысында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2017 жылы «Шығармашыл ұстаз» атты республикалық ұстаздар сайысына қашықтықтан қатысып, І орынға ие болып, марапатталады.
2018жылы ҚР Қазақ Халық Академиясының «Қазақ ұлттық этнопедагогикасының әдістемелік негіздері және білім мекемелерінде тәрбие үрдісін этнопедагогикалық дәстүрлер тұрғысында ұйымдастырудың шарттары» тақырыбындағы І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда биология пәнінен «Білім» номинациясы бойынша І-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
2018 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында PISA-2018, ICILS-2018 және TIMSS-2019 халықаралық зерттеулерін ұйымдастыру мен өткізуге сүбелі үлес қосқаны үшін 2018жылы ҚР БжҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Алғыс хатымен марапатталды. Республикалық «Үздік сабақ» байқауына қатысып, лауреат атанғаны үшін дипломмен марапатталды.
2018 жылы Жамбыл аудандық білім бөлімінің «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» атты аудан мектептері директорларының байқауына қатысып, ІІ-дәрежелі Дипломмен мараптталды.
2019 жылы ақпан айында облыс мектеп директорлары арасында «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектепті инновациялық басқару» тақырыбындағы аймақтық семинарда іс-тәжірибиесін таратып, Алматы облыстық білім басқарамысының сертификатын иеленді.
2020 жылы сәуір айында Алматы облысы педагог-шебер мұғалімдері арасында өз тәжірибеммен бөлісіп, Алматы облыстық білім басқармасының «Қашықтықтан оқыту жағдайында белсенділік танытып, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін» Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы наурыз айында «Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау және оларды шешу жолдары» тақырыбында мектеп директорларына арналған көктемгі каникул мектебінде тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2020 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы мектептері арасында Алматы облысы әкімінің қолдауымен өткізілген «Үздік ауыл мектебі» байқауына мектеп ұжымы қатысып, ІІІ-орын иеленіп, Алматы облысы Әкімі А.Баталовтың ІІІ-дәрежелі дипломымен марапатталды.
Білім саласындағы жемісті еңбектері үшін 2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының «Алғыс» хатымен, әр жылдары Жамбыл ауданы Әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс» хаттарымен /2011-2019жылдар/ марапатталды.
2018 жылы «Ұлағатты ұстаз» республикалық ғылым-білім интернет порталының Білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен марапаттталды.
2019 жылы ҚР БжҒМ «Ы.Алтынсарин»төсбелгісімен марапатталды.
2020 жылы ҚР БжҒМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды.