Туркешев Мурат Сакибаевич, 1965 жылы 5 мамырда Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Рассвет ауылында дүниеге келді. 1972 жылы Ынталы орта мектебінде бірінші сыныпқа барып, 1982 жылы Атасу орта мектебін оқып бітірді.
1982 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту ордені қазақ педагогика институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1983-1985 жылдар аралығында әскерде борышын қтеп келгесін, аталған оқу орнында оқуын жалғастырып, 1989 жылы диплом алды.
1989-1999 жылдар аралығында Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. 1999 жылдан бастап, Қарасай ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде информатика пәні мұғалімі болып жұмыс жасады. 2003-2012 жылдар аралығында осы мекемеде АӘД пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.
2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Іле ауданы № 16 орта мектебіне директор лауазымына тағайындалды.
2018 жыл – «Республикалық www.orleu.kz. порталы», «Алғыс хат»;
2018 жыл – «Жас дарын» республикалық байқауы, «Алғыс хат»;
2018 жыл – «Байтерек Продакшн» ұлттық продюсерлік орталығы, «Блогодарственное письмо»;
2019 жыл – «Suleyman Demirel University» университет ректоры «Алғыс хат»;
2019 жыл – «SKILLS ACADEMY» ЖШС, Martebe.kz, «Алғыс хат»;
2020 жыл – «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы, «Алғыс хат»;
2021 жыл – «Интеллект білім және ғылым орталығы, «Құрмет грамотасы»;