Тұрғанбек Қатаев атындағы
№22 орта мектеп директоры Салтанат Құрманәліқызы
Құрманәліқызы Салтанат 1970 жылы 28 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүниеге келді. 1977 жылы Ақмая ауылындағы №49 орта мектепке бірінші сыныпқа барды. 1987 жылы осы аталған №49 орта мектепті өте жақсы деге бағамен бітірді. Салтанат еңбек жолын 1987 жылдың маусым айында Ақмая ауылында «Алтын арай» комсомол бригадасын құрып, сол бригаданың комсоргы міндетін атқарудан бастады. 1989 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1994 жылы кітапхана ісі бойынша аяқтады. 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар Педагогикалық институтына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі маамандығы бойынша тәмамдады.
Құрманәліқызы Салтанат бүгінде 19 жыл еңбек еткен, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1992-2000 жылдар аралығында Ақмая ауылындағы №49 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі қызметін атқарды.
2002 – 2003 жылдар аралығында Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі №13 М.Мақатаев атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде,
2017-2019 жылдар арасында директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.
Салтанат Құрманәліқызы ұстаздық жолында шығармашылық және білім беру жүйесін жетілдіру аясында жеткен жетістіктері орасан зор. Атап айтсақ, халықаралық, республикалық, облыстық көлемде іс-тәжірибе тарату мақсатында конференцияларда, семинарларда жоба жұмыстар қорғап, баяндамалар оқып және шебер сыныптар көрсетті. Нәтижесінде ҚР Республикалық «Сөз мерген» телебайқауына, «Мемлекеттік тіл- менің тілім» облыстық байқауларға қатысып, төсбелгісімен және алғыс хатпен марапатталды. «Мәңгілік ел» идеяларының ерекшеліктерін оқу және тәрбие үдерісіне еңгізу, жүзеге асырудағы іс – тәжірибесі мен белсенділігі үшін республикалық семинар ұйымдастырып, алғыс хатпен марапатталды.
Салтанат Құрманәліқызы оқушыларға сапалы білім беру мен қатар дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жүргізуді өмірлік ұстанымым деп біледі. Ол кәсіби құзіретті мұғалім, өз ісінің маманы, кәсіби этикетті сақтай білетін, көптеген мұғалімдерге өнегелі істерімен үлгі болып жүрген, үлкен жүректі ұстаз. Жас ұрпақты тәрбиелеу рухты ұл , ибалы қыз өсіруде рухани ұлттық тәрбиені, халықтық педагогиканы басты назарда ұстайды. Мектепте өтілген іс-шараларды белсене ұйымдастырады, ұйымдастыру қабілеті жоғары екендігін үнемі дәлелдеуде.
2017-2018 жылдары дарынды оқушылары сапалы және нәтижелі дайындағаны үшін аудандық білім бөлімінің мақтау қағазыменен,
2017 жылы тәрбие жұмысындағы нәтижелі еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылы республикалық «Мұқағали» оқуларынан оқушысы Қанатова Диана ІІ орын иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.
2018ж Облыс көлемінде қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының мақтау қағазымен марапатталды.
2018ж. 29.04. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ Қазақстан халқыАссамблеясының 20жылдығы аясында,Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мәдени іс- шараға баяндама жасап, белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат.
2019ж Алматы«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Мәңгілік ел»-ұлт мұраты,ел мүддесі» атты дөңгелек үстелге қатысып, озық тәжірибе бөліскені үшін марапатталды және сертификатталды.
2018ж Әдіскерлік қызмет атқарып жүрген ұжымы, оқу-тәрбие жұмысында үнемі жақсы нәтижелер көрсетіп келді. Аудандық жыл қорытындылау рейтигінде ұжым мүшелерін ұйымдастырып, шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп ұжымы ІІ орын иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.
Салтанат Құрманәліқызы кез келген жұмыс барысында өзін тек жақсы жақтарымен көрсете біледі. Әр сенбі сайын ұжым арасында, тәжірибе алаңында жұмыс жасап, ой алмасып отырудың тиімділігін арттырды. Кәсіби даму нәтижесінде оқу мен оқыту тәжірибе барысында өз кәсіби дағдыларымен іскерлігі деңгейін арттыру мүмкіндігіне ие болды.
2020 оқу жылында мектепті басқару ісі бойынша конкурсқа түсіп, барлық кезеңдерінен өтіп 8 қараша күні Тұрғанбек Қатаев атындағы №22 орта мектебіне директор болып тағайындалды.
Әлемдік пандемия жайлап, 2020 оқу жылының наурыз айының 14 жұлдызынан бастап қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім беру шеңберінде жұмыс атқара бастады. Салтанат Құрманәліқызы осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында компьютерлік құрылғыны ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажеттігін түсініп, мұғалімнің ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы үшін бірнеше онлайн семинарлар ұйымдастырылуын басшылыққа алып жұмыс жасауда.
Отбасында жолдасымен бірге екі ұл тәрбиелеп отырған, үлгілі отанасы.
Салтанат Құрманәліқызы бала санасының дамуы мен өркендеуі жолында, ата –аналар арасындағы ауызбірлікті дамытуда, мектебімізде қанатын кеңге жайған тұрақтылық пен бірлікке, сындарлы ынтымақтастыққа зор үлес қосып келе жатқан ұлағатты ұстаз. Жүрегіне сыр тұнған, елін сүйген, шәкірт аялаған, мамандығын мақтаныш еткен тамаша жан. Елге ортақ еңбегімен, бірлескен ізденісімен, топтасқан болмысымен Мәңгілік Еліміздің күн санап түлеуіне, қарыштап дамуына өз үлесін қосып келе жатырған ұстаз.
2019 жылдың 08 қарашасынан бастап, жеке өтініші және конкурстық комиссия отырысының 2019 жылғы 08 қарашадағы№12 хаттамасы, №16 еңбек шарты негізінде Али ауылындағы №22 орта мектеп директоры болып тағайындалды.