Өмірбаян.
Туркешев Мурат Сакибаевич 1965 жылы 5 мамырда Жесқазған облысы, Жаңаарқа ауданы, Рассвет ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Ынталы орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1982 жылы Атасу мектебін оқып бітірген.
1982 жылы Абай атындағы Еңбек Қызы Ту ордені қазақ педагогика институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1983-1985 жылдар аралығында әскерде борышын өтеп келгесін, аталған оқу орнында оқуын жалғастырып, 1989 жылы дипломын алған.
1989-1999 жылдар аралығында өз мамандығы бойынша алғаш еңбек жолын Жезқазған облысы Жаңа Арқа ауданындағы Атасу орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
1999 жылдан бастап, Қарасай ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде информатика пәнінен мұғалім болып жұмыс жасап, аталған мектепте Алғашқы әскери дайындық пәніне ауысты.
2003-2012 жылдар аралығында Шамалған бекетінде жаңа мектеп ашылуына байланысты аталған мектепке ауысып, Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі қызметін атқарды.
2012 жылдың желтоқсан айынан бастап №16 орта мектебі мектепке дейінгі шағын отралығымен мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарды.
2012 жылы – Іле аудандық кәсіподақ ұйымының «Мақтау қағазымен» марапатталды.
2012 жылы – Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық бірлесігінің «Мақтау қағазымен» марапатталды.
2013 жылы – «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының «Құрмет мадақтамасына» ие болды.
2015 жылы – Іле ауданы әкімінің «Мадақтама» қағазына ие болды.
2015 жылы – Алматы облысының білім басқарма басшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2015 жылы - «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2016 жылы – Назарбаев зияткерлік мектебінің тренері А.Б. Бипажановадан «Талантты көшбасшы» номинациясын жеңіп алып, «Мадақтамаға» ие болды.
2017 жылы - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018 жылы – «Obrain» Халықаралық Интелектті дамыту Орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018 жылы - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Алғыс хатына» ие болды.
2019 жылы – Сүлеймен Демирель университетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2022 жылы – «Басшы-менеджер» біліктілік санатына ие болды.
2024 жылдан бастап Іле ауданы Жәпек батыр ауылындағы №36 орта мектептің директоры қызметіне тағайындалды.