Өмірбаян
Мен Калиева Бақкыт Калиевна, 1968 жылы 12 сәуірде Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келдім. Әкем Хасаинұлы Қали Ащыбұлақ ауылында бас есепші болып қызмет атқарған. Анам Жунусбай Күләш поштада қызмет атқарған.
1975 жылдары Комсомол ауылындағы орта мектебіне 1- сыныпқа қабылданып, 1985 жылы аталған мектепті үздік бітірдім.
1986 жылы әл Фараби мемлекеттік университетінің биология факультетіне түсіп , 1995 жылы аталған университетті аяқтап шықтым.
Еңбек жолымды 1996 жылы биология пәнінен сабақ беруден бастадым. 2000 жылдан бастап, 2002 жылға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.
2004 жылдан 2008 жылға дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қыметін атқардым.
Ұстаздық қызметім 2017 жылға дейін 31 ші орта мектебінде жалғасты. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастам 43 орта мектебінің директор лауазымына тағайындалдым.
Осы уақыт аралығында жеткен жеткен жетісстіктерім:
-2014 жылы Іле ауданының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен
“Биология сабағында тиімді технологиялар мен ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану” тақырыбында аудандық семинарға қатысып сабақ өткіздім.
-2016 жылы Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде “Қазіргі Қазақстандық білім беруде биология пәнін оқытудың әдістерін дамытудың өзекті мәселелері” атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндама оқыдым.
-2015-2015 жылдары аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталдым.
-2018 жылы аудандық зерттеушілік жұмыстарымен шығармашылық жобаларының “Зерде” Республикалық конкурсына оқушылар дайыындап, мақтау қағазымен марапатталдым
-2018 жылы облыстық зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының “Зерде” республикалық конкурсына оқушылар дайындап, дипломмен марапатталдым
-2017-2018 жылдары Аудандық Кіші Ғылым Академиясына оқушы дайындағаным үшін дипломммен марапатталдым.
Қазіргі таңда педагог-сарапшы біліктілігімен жұмыс атқарудамын.