Мержикова Жанар Нурмухамбетовна, 1986 жылы Алматы обылысында, Панфилов ауданында дүниеге келдім. Мектеп табалдырығын кері аттаған соң 2005 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне түсіп, 2009 тәмамдадым. Биология және психология мамандығы бойынша Көктал орта мектебіне жұмысқа тұрып қызмет атқардым. 2012 жылы тұрмыс құрып, мектеп табалдырығында қызметімді жалғастыра бердім. 2016 жылы Жетісу облысы Сарыбел ауылынан Ащыбұлақ ауылдық округіне қоныс аудардым. Ауылдық округте жүріп балаларыммен бірге балабақшада тәрбиеші қызметіде жүрдім. Балабақша қабырғасында жүріп балабақша ашу мақсатым болды. Өзіміздің тұратын саяжайда балабақша жоқ болатын, саяжайдың балалары ауыл ауылдарға балабақшаға қатынап баратын еді. Ауылда көптеген балалар мемлекеттік бала бақшаларда ұзақ кезек күтетін. Балабақша ашудағы басты мақсат балаға сапалы білім беру еді. 2019 жылы Место под Солнцем саяжайынан 50 орынды балабақша ашылды Бұл менің елге деген көмек жасау мақсатымның бірі еді. Төрт жылдың ішінде балаларға сапалы білім мен бақытты балалық шақ жасап келемін деп білем. Ата-аналар ризашылығы мен үшін үлкен бақыт. Алда үлкен армандарым көп. 2023 жылы Қазақстанның үздік жүз балабақшалар қатарына енгізілді. 2023 жылы Чапай ауылдық округінен 100 орынды балабақша ашып, қазіргі таңда екі балабақшаның құрылтайшысы атанып отырған жайымыз бар. Осы салада сапалы қызмет атқарып, кәсіби дами беруді мақсат етемін. Бүгінгі таңда көп балалы анамын. Үш қыз бір ұл тәрбиелеп отырмын.