Кабдыгалиева Айман Толепбергеновна
1977 жылы, 25 шілдеде Алматы облысы, Алакөл
ауданы, Жайпақ ауылында дүниеге
келдім. 1994 жылы Алакөл ауданы, Жайпақ
ауылында Мұқан Төлебаев атындағы орта
мектебін бітірдім. 1996-2001 аралығында Ілияс
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі мамандығын бітірдім.- Мен педагогикалық еңбек жолын 1999 жылы Алакөл ауданы, Байзерек орталау мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастадым. 2002-2008 жылы Үшарал қазақ гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2008-2012 жылдары Алакөл ауданы, Талапкер орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2012-2014 жылдары Үшарал қазақ гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2014-2021 жылдары Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2021жыл 14 қаңтарынан – 2023 жыл 09 тамыз аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқардым. 21.08.2023 жылдан «Жетісу облысы білім басқармасы» ММ-нің «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскер, 01.12.2023 жылдан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 08.10.2024 жылдан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Л.Н.Толстой атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы, 31.10.2024 жылдан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Б.Қосынов атындағы ОМ директоры қызметін атқарудамын.
Әкем 1941 жылғы Жексембаев Төлепберген Қабдығалиұлы қайтыс болған, анам 1942 жылғы Атажанова Жандатиха Қанабекқызы зейнеткер – ұстаз, 40 жыл мұғалім болған. Тұрмыстамын, жолдасым 1971 жылғы Қабатов Нұрбек Темирбекович, қызым 2001 жылғы Нұрбекова Меруерт Нұрбековна менеджер, ұлым 2006 жылғы Нұрбекұлы Айбек Қ.Сәтбаев унверситетінде, ақпараттық қауіпсіздік факультетінде 2 курс студенті.