Өмірбаян
Нысанбаева Батима Кальпеевна, 1963 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі- жоғары. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы Алматы қалалық №1 педагогикалық училищеге бастауыш сынып мұғалімі факультетіне оқуға түсіп, оны 1982 жылы бітірген.
1982 жылы Интернационал ауылы бастауыш сынып мектебінде педагогикалық еңбек жолын бастаған. 1984-1993 жылдар аралығында аталған мектептің бастауыш сыныптар меңгеруші қызметімен жалғастырған. Толыққанды зиялы азамат болып қалыптасу білімге деген ізденістің арқасында жүзеге асатыны анық. Осындай жаңалыққа құлшыныс, үздіксіз ізденіс арқасында 2000-2004 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бөлімін аяқтаған.
2000-2004 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қайнар ауылы, Қайнар орта мектебінде мектеп директоры, 2003-2017 жыл аралығында Б.Қосынов атындағы орта мектебінің мектеп директоры болып қызмет атқарды.
2018 жылы «Мәртебелі мектеп директоры» медалімен марапатталды. ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» республикалық ғылыми-
әдістемелік орталығы «Орта білім беру мазмұнын жаңарту контексінде білім алушыларды критериалды бағалау» тақырыбында Республикалық семинар өткізіп, алғыс хатпен марапатталды.
2019 жылы Алматы облысы Білім басқармасының №561 бұйрығымен педагог-зерттеуші санаты берілді.
Қазіргі таңда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, Абай ауылындағы №2 орта мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқарады.
Биография
Нысанбаева Батима Кальпеевна родилась в 1963 году в г. Каскелен Карасайского района Алматинской области. В 1980 году закончив среднюю школу, поступает в Алматинское педагогическое училище № 1 города Алматы на факультет учитель начальных классов.
Окончив педагогический колледж, Батима Кальпеевна начинает свой трудовой путь в с. Интернационал учителем начальных классов.
С 1984 - 1993 выполняет обязанности заведующей начальных классов.
Своим стремлением к знаниям и целеустремленностью, она продолжает учебу поступив в Алматинский государственный университет имени Абая на факультет “Методика и педагогика начальных классов”.
В период с 2000-2004 г. работает директором школы “Кайнар” Карасайского района.
2003-2017 г. директор школы им. Б Косынова с.Әйтей Карасайского района.
2018 году награждена медалью “Мәртебелі мектеп директоры” Благодарственное письмо от Республиканского научного центра “Өрлеу” за проведение Республиканского семинара на тему “ Критериальное оценивание”.
В 2019 году приказом №561 присваивается категория педагог- исследователь.
В данный момент является директором школы № 2 села Абай Карасайского района.