Бактыбаева Макпал Сериковна 28.06.1976 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі - 17 жыл. Біліктілік санаты - жоғары.
Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Ш.Смағұлов атындағы облыстық мектеп-интернатында тәрбиеші қызметінен бастады. 2005 жылы Ш.Смағұлов атындағы облыстық мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2012 жылы Ұзынағаш ауылындағы С.Бердіқұлов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2014 жылы С.Бердіқұлов атындағы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Еңбекші ауылындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып келеді.
Жетістіктері: Алматы облысы, Жамбыл ауданының «білім, дене шынықтыру» және спорт бөлімі Құрмет грамотасымен (2012 ж.), Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Дипломымен (2013ж), Алматы облысы, Жамбыл ауданын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Алғыс хат (2014ж), Алматы облысы, Жамбыл ауданының білім бөлімі Құрмет грамотасы (2015ж), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Абай атындағы ҚҰПУ Білім және инновациялы технологиялар орталығы Мадақтама (2015ж), Председатель Жамбылского филиала ОО «Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технология интернет порталының «Ұлағатты Ұстаз» төсбелгісі мен мадақтамасымен (2016 ж.), ҚР «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Алғыс хаттарымен (2017ж.), «Platon» Халықаралық білім дамыту ортылығының Алғыс хаты (2018 ж.), «Тайжарыс» қоғамдық қоырының Алғыс хаты (2019 ж.), «Ғұмырдария» Халықаралық балалар байқауының Алғыс хаты (2019 ж.), «Жас өркен» Республикалық шығармашылық байқауының Алғыс хаты (2019 ж.), «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының І дәрежелі дипломы (2019 ж.), Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Алғыс хаты (2019 ж.), «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық порталының Алғыс хаты (2019 ж.), «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық порталының Құрмет грамотасы (2020 ж.), «Daryn Online» білім беру платформасы мен «Qaztest.kz» олимпиада сайтында ұйымдастырылған Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І дәрежелі Дипломы (2020 ж.), «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалының «Алғыс хаты» (2020 ж.), «Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» байқауында ІІ орынды иеленгені үшін ІІ дәрежелі диплом (2020 ж.) марапатталады.