Накысбеков Дархан Сатылганович
Туған күні, айы, жылы: 06.11.1981. Білімі: жоғары 2005 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеттің физика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Мамандандырылған санаты- физика және информатика пәні мұғалімінің жоғары деңгейдегі жоғары санатты (зерттеуші). Накысбеков Дархан Сатылғанұлы еңбек жолын 2001 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған бекетіндегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастады. 2002-2008 жылдар аралығында «Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2008 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылы, №2 орта мектепке мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, 2008 жылдың 14 шілде күні, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Іле аудандық білім бөліміне бас маман қызметін атқарды. 2012 жылдың 1 ақпан күні Алматы қаласы, Алатау аудандық білім бөліміне бас маман болып ауыстырылды. 2013 жылдың 23 қыркүйегінен 2017 жылдың 04 қаңтарына дейін Алматы қаласы №164 жалпы білім беретін мектеп директорының қызметін атқарды.
2017 жылдың 04 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы «Л.Н.Толстой атындағы орта мектептің» директоры қызметін атқарды. 2018 жылдың 14 желтоқсан күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалында 9 (тоғыз айлық) Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтап, 2018 жылдың 28 қаңтар күні №004286 сертификат иеленді.
2020 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 05 қыркүйегіне дейін «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың 05 қыркүйегінен 04 қараша аралығында «Кемертоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекесінің мектеп директорының міндетін атқарушысы, 04 қараша айынан бастап «Кемертоған орта мектебінде» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Дархан Сатылғанұлы ұстаздық жолда тынымсыз еңбек етіп, өзінің білім-білігін дамытып, жоғары дәрежелі адамгершіліктің нұсқасын көрсеткен тұлға. Жас мамандарды педагогикалық кәсіпке баулу мақсатында мектепте жаңартылған білім мазмұны тақырыптарына байланысты коучингтер, семинарлар ұйымдастырудың шебері. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор мақалалары баспасөз бетінде жиі жарияланады, өз әріптестері арасында сыйлы, беделді, тәжірибелі маман, әрбір мұғалімнің өтініш-тілектерімен, жеке пікірлерімен есептесетін, үнемі мұғалімдерге ақыл-кеңестер беретін іскер басшы.
Дархан Сатылганұлы жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде зор қабілеті мен іскерлігін ұштастырып келе жатқан еңбекқор, ізденімпаз басшы. Мектепті басқару ісін үнемі жетілдіріп, оның материалдық техникалық базасын нығайтып отырады.