Өмірбаян
Мен, Тұрсынова Қорлан Дәуітханқызы, 14.02.1977 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келдім.
1994 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік аяқтадым.
1994-1998 жылдары Қазақ Қыздар Педагогикалық институтының филология факультетін үздік дипломмен аяқтадым.
Еңбек жолымды 1998 жылы "Дарын" әлеуметтік-гуманитарлық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде бастадым. 1999-2001 жылдары Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты № 153 гимназиясында;
2001-2004 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылының М. Маметова атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде;
2004-2009 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі әкімдігінің бас маманы қызметінде;
2009-2011 жылдары Қарасай ауданы, М. Ғабдуллин атындағы орта мектебінің директоры қызметінде;
2011-2023 жылдары Қаскелең қаласы, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің директоры қызметінде; 2023 жылдың 4 қаңтарынан бірінші басшыларды ротациялау заңына сәйкес Қаскелең қаласы, Н. Әлімқұлов атындағы орта мектебінің директоры болып ауыстым.
26 маусым 2023 жылдан "Қаскелең қаласындағы мектеп – гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының міндетін атқарушымын.
Отбасымда бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.