Мен, Абилов Тулеген Жанайбекұлы 1961 жылы 26 ақпанда Алматы облысының бұрынғы Киров ауданы Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келдім. 1983 жылы қыркүйек айында өзім туған ауылымда В.И. Ленин атындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.
1983 жылдың күзінде әскерге шақыртылып, 1985 жылдың шілде айына дейін Оңтүстік Сахалин аралында азаматтық борышымды атқардым.
1985 жылы қыркүйек айында бұрынғы В.И. Ленин атындағы орта мектепте ұстаздық еңбегімді жалғастырдым.
1990 жылдың қыркүйек айынан 1991 жылдың қаңтар айына дейін бұрынғы Талдықорған облысы Киров ауданы Куйбышев атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
1991 жылдың қаңтар айында бұрынғы өзім жұмыс жасаған В.И. Ленин атындағы орта мектепке ауысып, 2007 жылдың сәуір айына дейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасадым.
2007 жылдың сәуір айында осы мектептің директоры лауазымына тағайындалып, аталған қызметті 2011 жылдың қыркүйек айына дейін атқардым.
2011 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы облысы Көксу ауданы "Еңбекшіқазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарудамын.
Ұлтым қазақ, Қазақстан Республикасының азаматымын. Мен және менің жақын туыстарым қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Алыс-жақын шетелдерде жақын туыстарым жоқ.
Жұбайым: Абилова Күләйхан Мухаметханқызы, 1963 жылы 29 наурызда туылған.
Алматы облысы, бұрынғы Гвардия ауданы, Қарашоқы ауылы.
Жұмыс орны: "Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп" КММ, Көксу ауданы,
Алматы облысы, математика пәні мұғалімі. ҚР-ның азаматы, ұлты қазақ
Ұлым: Абилов Дәулет Төлегенұлы 15.09.1987 ж Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет
ауылы
Жұмыс орны: Талдықорған қаласының тергеу изоляторы, басшының орынбасары. ҚР-
ның азаматы, ұлты қазақ.
Қызым: Абилов Айнұр Төлегенқызы, 27.01.1989 ж Алматы облысы, көксу ауданы, Мәмбет ауылы
Жұмыс орны: Алматы облысы, Көксу ауданының аудандық емханасы, медбике.
Ұлым: Жанайбекова Дәурен Төлегенұлы, 28.04.1993 ж Алматы облысы, Көксу ауданы,
Мәмбет ауылы
Жұмыс орны: Талдықорған қалалықазаматтық сот, сот мәжілісінің хатшысы-бас маман.