Сақанұлы Миятжан 1964 жылы 7 қаңтарда Нарынқол /қазіргі Райымбек/ ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келдім. 1981 жылы Абай орта мектебінде орта мектепті бітірдім.
Білімі жоғары, 1995жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің математика және информатика мамандығын бітірген.
Сақанұлы Миятжан «К.Байшығанұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде математика-информатика пәндерінен сабақ беріп келеді. Мұғалімнің теориялық білімі терең, әдістемелік шеберлігі шыңдалған, ізденімпаз, тәжірибелі ұстаз. Өз сабақтарында Ж.Қараевтың «Деңгейлеп,саралап оқыту » технологиясын қолданады және баланы қабілетіне қарай деңгейлеп оқыту әдісі жақсы қалыптасқан. Оқушылардың математикалық тілінің қалыптасуына және логикалық тапсырмалар арқылы ой-өрісінің дамыуына баса назар аударады. Мұғалімде сабақ беретін сыныптар бойынша тест тапсырмалары, тақырыптық папкалар және дидактикалық материалдар жинақталған.
2009 жылы V жастар Дельфийлік ойындарына белсене қатысқаны үшін «Математикалық модельдеу» номинациясы бойынша 11 сынып оқушысы Сақанов Өркен 2 орынды иеленді.
2010 жылы халықаралық «Кенгуру » ойын -конкурсынан 8 сынып оқушысы Сақан Өскен 2 орын иеленді.
2013 жылы « Ақбота-2013 » республикалық интеллектуалды марафонында оқушысы Қыдырхан Жадыра 2-ші орынды иеленіп, «Дарын» орталығының дипломымен марапатталды.
2010 жылы Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Егемен елдің болашақ ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі толағай табыстары және мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтерудегі ерен еңбегі үшін Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Шеберлік, іскерлік, және білгірлік» бағытында өткізілген семинарларда шығармашылық белсенділік көрсетіп, жасөспірімдерді оқытып, тәрбиелеуде зор үлес қосқаны үшін Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2013 жылы «Ел-назар» журналының №12 санында «Квадрат теңсіздіктерді шешудегі басты ерекшеліктер», 2013 жылы «Математика физика» журналының №2 санына «Интегралды есеп шығаруда қолданудың тиімді тәсілдері», 2013жылы «Ұлағат» журналының №1 санына «Интегралды есеп шығарудың тиімді, дербес әдістері » тақырыптарындағы мақалалары жарық көрді.
2015 жылы аудандық «Жыл директоры-2015» байқауының бас жүлдегері.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2016 жылы «Демеу» кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2016 жылы Облыстық Нұр Отан халықтық партиясының Алғыс хатымен марапатталды.