Берикбаева Клара Нурбековна 1961 жылы 20 маусымда Алматы облысы , Нарынқол ауданы , Қаратоған селосында дүниеге келген. 1968 жылы
Н. Өмірзақов атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып ,1978 жылы Жамбыл Жабаев орта мектебін «Алтын медальмен» оқуды аяқтады .
С. М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің химия факультетін бітірген.
1984-1987 жылдары Алматы қаласындағы жас натуралистер станциясында оқытушы болып жұмыс атқарған .
1987-1989 жылдары Нарынқол ауданынан Н Өмірзақов орта мектебінде химия пәні мұғалімі болды.
1990-1992 жылдары осы мектепте мектеп директорының оқу тәрбие ісінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2014-2015 оқу жылында «Жаменке» орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары болды.
2015-2016 оқу жылынан бері Жаменке орта мектебінің директоры болып қызметін атқарып келеді .
2013 жылы 22 шілде -27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығында курстан өткен. Куәлік серия М-І №002805 Сертификат І № 0001220
2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өткен. Сертификат БЖ № 019021
Осы жылдар ішінде өзі жұмыс істеген әріптестері арасында жас мамандар тәрбиелеуде, ауыл мәдениетін көтеруде, ел ертеңі – жастарға сапалы білім беруде, елін, жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуде бар күш- жігерін жұмсады.. Мектептегі химия кабинетін талапқа сай көрнекіліктермен жабдықтады. Аудандық «Химия кабинеті -2011», «Химия кабинеті -2014» байқауларында 2-орындарды иеленді. Аудан химиктері арасында «ХХІ ғасыр- химия ғасыры» тақырыбында семинар өткізіп, іс-тәжірибесі аудан мұғалімдері арасында таратылды.Осы жылы Тұздыбастау ауылында 31-мектепте «Алюминий және оның қосылыстары» тақырыбында сабақ өткізіп, облыстық әріптестерімен іс-тәжірибе алмасты . 2014 жылы «Жаратылыстану пәндерін оқытуда ақпараттық коммуникативті пайдаланудың әдіс-тәсілдері» атты облыстық семинарда « «Темір және оның қосылыстары » тақырыбында «Ө.Жаңабаев» орта мектебінде 10 сыныпта өткізген сабағы баспада жарық көрді, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасты. Ұлы Абайдың мерейтойына байланысты облыстық педагогикалық оқуда 1-орынды иеленіп, баяндамасы баспада жарық көрді. М.Мақатаевтың туылған күніне байланысты «Есіңе мені алғайсың» әдеби музыкалық кеші Қазақ тілі мен әдебиеті педагогикалық басылымының 2006 жылғы №6 нөмірінде басылып шықты.
«ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» Республикалық ғылыми практикалық конференцияға қатысып, «Ауыл мектебінің қазіргі жаңаша тәжірибесі, даму болашағы, зерттелуі» тақырыбы баспада басылып шықты. Облыстық «Мұғалімнің беделі – кәсіби құзіреттілігінде» тақырыбындағы облыстық конференцияда осы тақырыппен сәйкес еңбегі кітапқа басылды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша облыстық, аудандық, мектепішілік семинар кеңестерде бірнеше рет коучинг, ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліскен.
Аудан, облыс, республика көлемінде өткізілген шараларға белсене араласып, жүлделі орындарға қатысып жүр. Осы уақыт ішінде Сәлімова А. 1999 жылы,Оспанова Е. 2004 жылы, Несіпбеков Е. 2007 жылы, Нүсіпжан Т.2013 жылы облыстық олимпиадаларда жүлделі 3-2 орындарды иеленді.
Республика, облыс көлемінде өткізілген ғылыми практикалық конференцияда КҒА, «Дарын» жобалары бойынша Оспанова Е. 2004 жылы, Несіпбеков Е. 2007 жылы, Нүсіпжан Т. 2013 жылы, Нүсіпжан Е. 2014 жылы, Арыстан Ж.2016 жылы 1-,2-,3-орындарды иеленіп, дипломдармен, заттай сыйлықтармен марапатталған.
Мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға мектеп түлектерімен тығыз байланыс жасап, атаулы кабинеттер жасатуға көңіл бөлуде. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға, халықтық педагогиканы насихаттай отырып, «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясымен елін, жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуде.