Арипова Гулнара Рауанқызы, 02.08.19695 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қайнар селосында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы қаласындағы №2 қазақ экспериментальдық мектеп интернатының 10 сыныбын аяқтаған. 1982 - 1987 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін, тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы, 1995 – 1998 жылдарда Қазақ Мемлекттік заң институтының аспирантурасының күндізгі бөлімін «Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ Академиялық Университетінің құқықтану факультетін кәсіптік жоғарғы білімі бар заңгер біліктілігі бойынша аяқтаған. 1987–2004 жылдары Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беру жүйесінде оқытушы, аға оқытушы, декан, оқу ісінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор лауазымдарын атқарған. 2009 – 2014 жылдар аралығында Райымбек ауданы білім бөліміне қарасты Шәлкөде, №3 Кеген орта мектептерінде тарих пәні мұғалімі, 2014 жылдың 2 қыркүйегінен «Райымбек ауданы білім бөлімі» ММ «№3 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің директоры қызметін атқарады.
Мектеп басшысы ретінде XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші болатын толыққанды, ілім мен білімді нақты және жетік меңгерген, біліктілік дағдысын дүниежүзінің қандай да болмасын жерінде дәл уақытында, орынды жерде, қажетіне қарай, аса тиімділікпен пайдалана алатын бәсекелестікке қабілетті азаматты тәрбиелеуді мақсат етеді. Ол үшін көшбасшылық қызметте халықаралық және ҚР Конституциясынан бастау алатын біздің елдегі ғылым мен білімді дамыту жүйесіне қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Заңдылықты сақтай отырып Қазақстан Республикасы мен туған ел мен оның азаматтарына, ел болашағы жас ұрпаққа қатысты адал еңбек етуге тырысып, басшылық қызметте алқалық, өзара көмек, түсіністік, жаңашылдық, жауапкершілік принцптерін жүзеге асырады. Қажет жағдайда ұтымды шешім қабылдап, талап қойып, әділетті бағыт ұстауға тырысады. Еңбек тәжірибесінің көп мөлшерін жоғарғы білім беру жүйесінде жинақтағандықтан, орта білім беру жүйесіне қатысты біліктілік деңгейін үнемі жетілдіріп, ғылым мен білімнің жетістіктерін оқу процессіне енгізуге, мектепке қажетті материалды техникалық база жасауды, оқу мен практиканы ұштастыруға әрекеттенеді. Оқу мен тәрбиені ұштастырып отырады, оқушылар мен ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынас орната біледі.
Мектепке басшылық жасау уақытында мектеп ұжымы біршама жетістіктерге қол жеткізді. 11 сынып түлектері осыған дейінгі жылдағы ҰБТ-ғы 56,4 балл көрсеткіш орнына көрсеткіш деңгейін 2014-2015 оқу жылы 71,6 балл, 2015-2016 оқу жылы 72,3 балға көтеріп, 11 сынып оқушылары А.Тоеке мен М.Дарубай халықаралық ғылыми жарыстарға қатысып жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталып, білім гранттарын жеңіп алды. Облыстық «Дарын» ғылыми жоба жарысынан ағылшын тілі пәнінен 10 сынып оқушысы А.Сығаева, құқықтан 10 сынып оқушысы Н.Медетхан қатысып 3 орын алса, 11 сынып оқушысы Тоеке Алтынай осы додаға физика пәнінен қатысып 2 орынға ие болды. Облыстық олимпиадаға барған 8 сынып оқушысы М.Жолсейіт ағылшын тілі пәні бойынша 3 орынды иеленіп қайтты. Талдықорған қаласында өткен «Жарқын болашақ» YII республикалық «КАТЕҮ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде 11 сынып оқушысы Н.Аманбай «Әнші бұлбұлдар» конкурсы бойынша 1 дәрежелі диплом алып, республикалық байқауға жолдама алды. 2016 – 2017 оқу жылы М.Мақатаевтың қашықтықтан өлеңдерін оқу «Үш бақытым» Халықаралық байқауына 1 сынып оқушылары С.Қалдыхан және А.Мұсахан 1 орынды иеленсе, республикалық дарынды оқушылардың «Білім және ғылым саласында дарынды және талантты жастардың еңбектерін ерекше бағалау мақсатында» «Жас дарын» төсбелгісімен 10 сынып оқушысы А.Жұмахан, «Жас дарын» Республикалық ғылыми жоба жарысына 9 сынып оқушысы А.Тұрбек информатика пәнінен қатысып 1 орын алып, облыстық ғылыми-жоба жарысына қатысып 10 сынып оқушысы А.Тұрбек информатика, 9 сынып оқушысы А.Тұрбек әдебиет пәндерінен 3 орынды иеленді. Жас мамандар А.Нарынбаев облыстық «Үздік жаттықтырушы» дипломымен, А.Қоқымбаева Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп кітапханашысы Г.Қайыңбаева мерейтойлық медалімен, мұғалім Г.Сағымбекова «Қоғамдық марапаттар мен атақтар» жөніндегі республикалық кеңесінің «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен, Б.Абдильбаева мен А.Құрмантаева «Қазақстан педагогтар қапуымдастығының Төралқасы» шешімімен «Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Мектептегі басшылық қызметті білім деңгейін көтерумен ұштастыра отырып Г.Р.Арипова 2013 жылы білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығында «Білім үрдісі тиімділігін арттыруда оқытудың интерактивті түрлері мен әдістерін қолдану» атты курсты, 2015 жыл PISA-2015, TIMSS-2015 және апробациялық PIRLS-2016 халықаралық зерттеулері бойынша оқыту семинарын, 2016 жылы «Алматы облысы дін істері басқармасы», «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясындағы оқыту курсын, 2015 жыл 14 қыркүйек – 2016 жыл 03 маусым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласы филиалы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру» курсында оқып, оқу барысында 16 рефлексивті есеп пен эссе www cpi.nis.edu.kz сайты базасына енгізді. 2016 жылы Өрлеу педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жанынан шыққан «Инновациялық үрдістер - білім сапасын арттырудың жолы» атты мектеп пен мұғалімдердің іс-тәжірибесі енгізілген жинақты таратуды ұйымдастырды және өзінің «Мектеп және қазіргі заман» атты мақаласын жариялады. 2016 жылы Республикалық педагогикалық «Жер бейнесі және тарихи сана» ғылыми- әдістемелік журналына «Америка құрама Штаттары» атты сабақ жоспары жарияланды.
Қызметтік мінездеме «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 06.04.2017 жылғы №110 бұйрығына тиісті жазылды.