Аты жөні, тегі : Айтбаев Қуан Қушбелдекович
Туған жылы - 1970 жыл 22 қазан
Туған жері - Алматы облысы Кеген ауданы Тұйық селосы
Бітірген оқу орындары :
Алматы мемлекеттік педагогикалық Университеті
Мамандығы - Биология –химия пәні мұғалімі,
Ресей Самара мемлекеттік Университеті
Мамандығы - психолог
Еңбек өтілі - 27жыл
Санаты : жоғары
Тұратын жері :
Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы Береговая көшесі №66 үй
Еңбек жолы туралы ақпарат:
1.Алматы облысы Кеген ауданы Тұйық ауылында химимя пәні мұғалімі қызметін атқарған.1995-2001 жылға дейін Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылы № 38 орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, 2.2001-2003 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Әлмерек ауылы № 25 Орта мектебінде директор,
3.2003-ші жылдан осы уақытқа дейін Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы № 21 Орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқаруда. Жалпы директорлық қызметте 17 жыл.
Марапаттар: Білім және ғылым министірлігінің марапат қағазы, Алматы облысы әкімінің алғыс хаттары, Ұлағатты ұстаз, Алтынсарин медальдарымен марапатталған, Облыстық білім беру басқармасының марапат қағаздарымен, Аудан әкімінің марапаттау қағаздарымен марапатталған.
Мектеп жетістіктері:
1.Мектепте үш тілді болғандықтан 2012 жылдан бастап үштілді мектептерде «Билингвальды оқыту» әдісі бойынша ғылыми-тәжірбие жұмысы жүргізіліп келеді, жұмыстың жеткен қорытындылары ретінде бес жылдан бері 15 ұйғыр класының түлектері грант иегерлері атанды.
2.Мектепте музыкалық мектебінің филиалы ұйымдастырылған, оның шәкірттері халықаралық АҚШ,Италия,Ресей,Францияда өткен фестивальдардың жеңімпаздары атанған.
3.Мектепте өткізілген «Бейбітшілік Әлемі»халықаралық ғылыми жобада мектептің 40 оқушы ғылыми жобаларын қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
4.11 класс оқушыларын ҰБТ-ке дайындап мектеп түлектерінің 70 пайызы қатысып орташа ұпай 86 пайызды көрсетіп отырды.
5.Мектеп мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша 80 пайызы тиісті курстан өтіп,бағдарламаны меңгерген. Мұғалімдердің әдістемелік іс тәжірбиесі мен мектептің іс-тәжірбиесі облыстық және аудан көлемінде таратылды.
6.Мектепте жүргізілетін грек-рим күрес үйірмесінің 12 оқушы халықаралық жарыстарға қатысып,1,2 және жүлделі орындарға ие болды.
7. 2010 -2017 жылдар аралығында 6 түлек «Алтын белгі» иегерлері болды.
8.Мектепте халықтар достығымен қазақстандық патриотизмді дәріптеу мақсатында ауыл арасында ата-аналар арасында фестиваль және конкурстар өткізіліп баспа беттеріне шыққан.
9.Ұстаздар мен ата-аналар ұжымы бірігіп айына бір рет тәрбиелік іс-шаралар өткізіп отыру дәстүрге айналған.
10.Мектепте ата-аналар тарапынан ақсақалдар кеңесі,әйелдер кеңесі және Меценаттар қоры жүйелі түрде жұмыс істейді.
11.Облыс көлемінде мектептің Мектепішілік бақылау және басқару жұмысының іс-тәжірибесі таратылды.
Бүгінгі күнде мектеп үш тілді, 73 клас –комплект, мектепте 1800 оқушы дәріс алады, мұғалім саны -150. Білім сапасы 56 пайызды құрайды.
«Білім беру саласында менеджмент және Мектепішілік басқару мен басшылық ерекшеліктері» атты әдістемелік оқулығының авторы.
Бүгінгі күнде мектеп директоры білімді де білгір басшы болып табылады. Мектеп оқушылары және ұстаздарымен тез тіл табысады.Оның дәлелі ретінде, мектеп басшысының ата-аналар,ауыл тұрғындары арасындағы беделінің жоғарылығы көрсетеді.