Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылында орналасқан «№20 жалпы білім бетерін орта» КММ директоры Есенсарина Динара Нурлановна
туралы мәлімет
Есенсарина Динара Нурлановна Талдықорған қаласында 1985 жылы 22 ақпанда дүниеге келді. 2001 жылы Талғар ауданы, Бесағаш ауылы №29 орта мектепті бітіріп, 2001-2004 жылдар аралығында Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтында білім алып, ағылшын және француз тілі пәні мұғалімі мамандығын алды.
2010 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан №28 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып істеді, 2012 жылы аталған мектепте оқу ісінің меңгерушісі лауазымына ауысты. 2015 жылы Бесағаш ауылында орналасқан №45 мектеп – гимназиясында директордың оқу- әдістеме ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап Талғар ауданы Бесқайнар ауылы №20 орта мектеп директоры лауазымдық қызметін атқарады.
Динара Нурлановна педагог – зерттеуші ағылшын тілі пәні мұғалімі, үшінші санатты басшы, ұлағатты ұстаз деген абыройлы атаққа сай, жеткіншіктерге тәлімді тәрбие беріп, мектеп ұжымының ортасында өзінің қарапайымдылығымен, еңбекқорлығымен, кішіпейілділігімен, адамгершілік қасиетімен сый құрметке бөленген, киелі мамандықты жан-тәнімен ұнатып еңбек ететін жан.
2018 жылы «Өрлеу» білім - ғылым технология порталының «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
2018 жылы «Өрлеу» білім - ғылым технология порталының «Жылдың үздік ұстазы » төсбелгісімен марапатталды.
2019 – 2020 жылдары «Республикалық «Жас дарын» балалар орталығының «Жаңашыл ұстаз», «Үздік ұстаз» төсбелгілерімен марапатталды.
Аманат партиясының облыстық және аудандық, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталары, аудандық білім бөлімінің мадақтама грамоталырымен үнемі марапатталған.
16 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар Динара Нурлановна жұмыс барысында мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік, табандылық көрсетіп, қызметтік міндеттерін адал орындайтын, жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленетін білімді де білікті басшы.