Өмірбаян
Малдыбеков Бакытжан Мухамедкалиевич 1972 жылы 13 наурызда Алматы облысы Нарынқол ауданында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Қарасаз орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы №34 Қ.Әбдіғұлов атындағы орта мектепті 1989 жылы бітірді. 1990-1992 жылдары азаматтық борышын өтеп, кеңес әскері қатарында қызмет жасады. 1992-1994 жылдары Алматы экономикалық колледжінде білім алды. 1994-1997 жылдары жеке кәсіппен айналысты. 1998-2001 жылдары №34 мектепте директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2001 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға түсіп, 2006 жылы бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша үздік диплом алды, алғашқы ұстаздық жолын өзі түлеп ұшқан № 34 орта мектепте бастады. 2005 жылы осы ауылда бой көтерген жаңа №35 мектепке ауысты. Еңбек өтілі 20 жыл, оның 16 жылын №35 мектеп-гимназиясында жұмыс атқарды. Бүгінгі күні жоғары санатты, педагог- зерттеуші. 2009-2019 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2019 жылдан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан аталған мектеп –гимназиясының директоры қызметін атқаруда.
Бақытжан Мухамедкалиевич отбасылы, 4 баланың әкесі, үлгілі отағасы.