Мен, Айтбаева Зергуль Егинбаевна , 1965 жылы 30 қараша күні Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Актам ауылында дүниеге келдім,
1969-1973 жылдары Шонжы ауылындағы бала –бақшада тәрбиелендім,
1973-1983 жылдары Шонжы ауылындағы орта мектептің орыс сыныбында оқып бітірдім, 1983-1988 жылдары «Абай» атындағы Қазақ Педагогикалық институтында математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірдім.
1986 жылы Алматы облысы Кеген ауданына келін болып түстім, жолдасым Мананов Берік Бақтыбекұлы.
1987-1994 жылдары Кеген ауданы, Бөлексаз ауылындағы орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім, 1994 жылы Талғар ауданы, Панфилов ауылына көшіп келдік. 1995 жылы осы ауылдағы №33 орта мектепке орыс сыныптарына қазақ тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым, 1997-2001 жылдары осы мектепте Пед-ұйымдастырушы болып жұмыс істедім. 2002-2004 жылдары директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары, 2004-2006 жылдары директордың әдістеме жұмысы бойынша орынбасары, 2006-2016 жылдары директордың оқу тәрбие-ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқардым, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№15 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне директор қызметіне бекітілдім.
Үш кызымыз бар тұрмыста.