Өмірбаян
Мен, Алдибекова Алмаш Зикиряевна 1962 жылы 27 қазан күні Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Ленин селосында дүниеге келген.
1970 жылы Амангелді совхозындағы №42 Ленин атындағы мектептің бірінші класына бардым,1977 жылы Тасбөгет кентіндегі №11 орта мектепке ауысып, аталған білім ордасын 1980 жылы бітірдім.1980-1981 жылдары ПМК-24 те сылақшы жұмысын істедім.1981жылдың қараша айында Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің дайындық курсына қабылдандым.1982 жылы аталған оқу орнының бірінші курсына түсіп, 1987 жылы бітірдім.
1987-1989 жылдары Қызылорда облысындағы №139 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
1989-1992 жылдары Талғар қаласы, Қызыл –Қайрат ауылындағы бала- бақшада тәрбиеші;
1992-1997 жылдары Талғар қаласындағы «Туберкулезге қарсы мектепте»мұғалім;
1997-2000 жылдары С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
200-2003 жылдары педагог-организатор;
2003-2006 жылдары МД тәрбие ісінің орынбасары;
2006-2007 жылдары Экономикалық колледж директорының орынбасары;
2008-2011 жылдары Т.Рысқұлов атындағы №9 орта мектепте МД оқу-тәрбие ісі орынбасары;
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап №9 орта мектеп директоры қызметін атқарып келемін.
Жанұямда жұбайым, ұлым, келінім, немерем тұрамыз.