Катранова Айман Камшигеровна 28 наурыз 1969 жылы Бұрынғы Семей облысы, Шар ауданы, Шар қаласында дүниеге келді. 1976 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1986 жылы үздікпен аяқтады.
1986 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1991 жылы Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолы:
1991- 2001 жж. Талғар қаласы, С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2001- 2002 жж.Семей қаласындағы Карелин атындағы орта мектепте орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2002- 2004 жж. Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылы, №19 орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі және педагог-ұйымдастырушы.
2004- 2008 жж. Талғар қаласы, №9 орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы
2008- 2010 жж. Талғар қаласы, №9 орта мектебінде мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2010- 2014 жж. Талғар қаласы, №49 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2014 -2022 жж Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінде директор лауазымында жас ұрпаққа саналы да сапалы білім беру жолында жұмыс атқарды.
Қазіргі уақытта 27.08.2022 жылы №28-ж бұйрығымен Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы, « №32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» МКМ-де директор лауазымында
Жалпы педагогикалық еңбек өтілім – 31 жыл.
Кәсіптік қызметімнің өсу барысын дәлелдеу негізіндегі көрсетілген мадақтамаларым мен жетістіктері:
1. Қ.Р. Алматы облыстық білім департаментінің сертификаты, дипломы.
2. Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси Кеңесінің Алғыс хаты, 2008 жыл.
3. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Ақпараттық – талдау орталығының» Марапаттау қағазы, 2014 жыл.
4. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ білім берудегі «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» сертификаты, Алғыс хат, 2016 жыл.
5. Алматы облысының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» кмм сертификат, 2016 ж
6. Қ.Р. Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2011 ж
7. Аудандық білім бөлімінің грамотасы, 2010 ж, 2012 ж, 2018 ж.
8. «Өрлеу» біліктілікті арттыру «Ұлттық орталығы” “Алматы облысы бойынша біліктілігін арттыру институты” бекіткен “Жаңашылдықтың алғашқы қадамдары” атты әдістемелік құралы жарық көрді.2019 ж
9. Республикалық байқауында дарынды балаларды жігерлендіруге белсенділік танытқаны үшін ТОО «Қазақстан Таланттары Өнер-Білім дамыту шығармашылық орталығы» директоры Сахипов Е.К Алғыс хаты,08.05.2019ж
10. Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Омашев «Алғыс хаты» 2019ж
11.Алматы облысы, Талғар ауданы әкімі Р.Сатбаев «Егемен еліміздің болашақ азаматтарына саналы тәрбие,саналы білім беру жолындағы шығармашылығы, табысты еңбегі мен ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене араласқаны үшін «Құрмет грамотасы» 2019ж
12. Талғар аудандық Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Р.М. Байшықова «Алғыс хаты» 2020ж
13. «НұрОтан» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Күрішбекова «Алғыс хаты»,2020 ж
14.Қазақстан Респуубликасы Парламенті Мәжілісі мен маслихат депутаттарының сайлауына белсенді араласып,жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Белбұлақ ауылдық округінің әкімі А. Қасымбаев «Алғыс хаты»,2021ж
15.Қазақстан Республикасы Тәулсіздігінің 30 жылдығына Талғар ауданы әкімі Қ. Абдыханов «Алғыс хаты»,2021ж
16. «Білім-өркениеті» ұлттық инновациялық Ғылыми-зерттеу орталығы директоры Сатылғанов А.Б «Алғыс хааты»,2021 ж
17. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі министр А.Аймағанбетов «Алғыс хаты» ,Нұр-Сұлтан 2021ж
18. Талғар ауданы,Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Н.Досымбаев «Алғыс хаты», 2022 ж
Катранова Айман Камшигеровна – еңбекқор, ізденімпаз, жаңашылдыққа жаны құмар, білімді тұлға. Адамгершілік тұрғыдан қарапайым,зерделі жан. Осы игі қасиеттері еңбек жолында оның біліктілігіне, өз ісінің, мамандығының майталманы болуына басты тірек болды.
Мекен жайы: Талғар қаласы, Бокина көшесі